Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов Президентке covid-19 індетінің болуы мүмкін екінші толқынына дайындық туралы баяндады

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа covid-19 індетінің болуы мүмкін екінші толқынына дайындық туралы, қалада жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндадым. Жедел жәрдем станциясының автопаркінің көліктері екі есеге артты. Медициналық мекемелер қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, қорғаныс құралдарымен жабдықталды. Соңғы апталарда қосымша 50-ден астам жасанды желдету аппараты (бұрын сатып алынған ӨЖЖ саны 434-ті құрайды), 2 компьютерлік томография аппараты (қалада барлығы 19 КТ), 3 оттегі резервуары, 7 цифрлық рентгенографиялық жүйе сатып алынды. Ол өкпенің қаншалықты  зақымданғанын дәл көрсетеді. Бұған дейін медициналық мекемелерге мыңнан астам оттегі концентратор, 500 көпфункционалды арнайы төсек-орын, мыңнан астам флоуметр қойылды. 1600-ге жуық оттегі нүктесі бар және т. б. СOVID-19-ға күдікті пациенттерге тиімді медициналық көмек көрсету үшін 4 деңгейлі алгоритм құрылды. Ол пациенттерді көмек деңгейі мен қиындық дәрежесі бойынша ұтымды сұрыптауға арналған. Жеке медицина ұйымдарынан, республикалық клиникалардың медицина қызметкерлерінен, студенттерден, профессор-оқытушылардан кадрлық резерв қалыптастырдық. Бүгінгі таңда резервте шамамен 1 500 маман бар. Барлық шаралар жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Азаматтар санитария-эпидемия нормаларын қатаң сақтау керектігін ұмытпауы керек. Мемлекет басшысы қала тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, COVID-19 таралу қаупін азайтуды тапсырды», деп көрсетілген Алтай Көлгіновтің instagram желісіндегі парақшасында.

-->