Елімізде 13 мыңға жуық медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған
«Елімізде пандемия жарияланғаннан бері 12 830 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде COVID-19 және пневмониямен сырқаттанушылар бойынша 8 442 өтінім келіп түсті және оларды өңірлік комиссиялар қарады. Олардың ішінде өңірлік деңгейде өтінімдердің 68 пайызы немесе 5 559-ында жағдай расталған болатын. Жалпы алғанда қазіргі уақытта өтемақыны 4 550 медицина қызметкері алды. Бұл өңірлік комиссиялар растаған өтінімдердің 81 пайызын құрайды», - дейді комитет төрағасы.
Ол өз сөзінде елімізге пандемия енгізілгелі бері қанша дәрігер індеттен қайтыс болғанын қозғап өтті. «Қазіргі уақытта өңірлік комиссияларда 82 жағдай қаралды. Жалпы 182 жағдайдың ішінде сол өтінімдер қаралды. Осыған сәйкес өтінімнің 45-іне өтемақы төленді», - дейді ол.
--> «Елімізде пандемия жарияланғаннан бері 12 830 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде COVID-19 және пневмониямен сырқаттанушылар бойынша 8 442 өтінім келіп түсті және оларды өңірлік комиссиялар қарады. Олардың ішінде өңірлік деңгейде өтінімдердің 68 пайызы немесе 5 559-ында жағдай расталған болатын. Жалпы алғанда қазіргі уақытта өтемақыны 4 550 медицина қызметкері алды. Бұл өңірлік комиссиялар растаған өтінімдердің 81 пайызын құрайды», - дейді комитет төрағасы.Ол өз сөзінде елімізге пандемия енгізілгелі бері қанша дәрігер індеттен қайтыс болғанын қозғап өтті. «Қазіргі уақытта өңірлік комиссияларда 82 жағдай қаралды. Жалпы 182 жағдайдың ішінде сол өтінімдер қаралды. Осыған сәйкес өтінімнің 45-іне өтемақы төленді», - дейді ол.