Қазақстанда мультисистемалық қабыну синдромы 45 баладан анықталды
«Мультисистемалық қабыну синдромы анықталған 45 факті тіркелді. Жас ерекшеліктеріне тоқталар болсам, екі бала бір жасқа толмаған, 1-5 жас аралығында 11 бала, 5-17 жасқа дейін 28 бала тіркелді. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі бала қайтыс болды. Ең көп жағдай елордада тіркеліп отыр, 11 бала. Ақмола, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында 5 жағдай, ШҚО-да, Шымкент қаласында 3 жағдай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде тағы да екі жағдайдан, Алматы қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында бір жағдайдан анықталды», - деді министрлік өкілі. Ол өз сөзінде бұл аурудан қанша бала емделіп шыққанын атап өтті. «Қазіргі уақытта 38 бала жазылып шықты. Біреуі стационарда әлі емделіп жатыр», - дейді Б.Қожахметов.
-->«Мультисистемалық қабыну синдромы анықталған 45 факті тіркелді. Жас ерекшеліктеріне тоқталар болсам, екі бала бір жасқа толмаған, 1-5 жас аралығында 11 бала, 5-17 жасқа дейін 28 бала тіркелді. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі бала қайтыс болды. Ең көп жағдай елордада тіркеліп отыр, 11 бала. Ақмола, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында 5 жағдай, ШҚО-да, Шымкент қаласында 3 жағдай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде тағы да екі жағдайдан, Алматы қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында бір жағдайдан анықталды», - деді министрлік өкілі. Ол өз сөзінде бұл аурудан қанша бала емделіп шыққанын атап өтті. «Қазіргі уақытта 38 бала жазылып шықты. Біреуі стационарда әлі емделіп жатыр», - дейді Б.Қожахметов.