Қожахметов коронавирус көрсеткіші жайлы: Біз күткен нәтиже болмай отыр
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі коронавирус инфекциясы жайлы мәлімет беріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Еліміздегі коронавирустық инфекция мен пневмония бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанына қарамастан карантиндік шаралардан біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайта өсіп жатыр. Жұрт санитарлық дәрігердің талаптарын сақтамаса тағы да қатаң карантин оралуы әбден мүмкін», - деді министрлік өкілі. Ол өз сөзінде бүгінге дейін 108 362 адамнан коронавирус анықталғанын, оның 103 465-і емделіп шыққанын, өкінішке қарай 1 752 адам қайтыс болғанын атап өтті. Қазір 3 145 пациент емделіп жатыр.
-->Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі коронавирус инфекциясы жайлы мәлімет беріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Еліміздегі коронавирустық инфекция мен пневмония бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанына қарамастан карантиндік шаралардан біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайта өсіп жатыр. Жұрт санитарлық дәрігердің талаптарын сақтамаса тағы да қатаң карантин оралуы әбден мүмкін», - деді министрлік өкілі. Ол өз сөзінде бүгінге дейін 108 362 адамнан коронавирус анықталғанын, оның 103 465-і емделіп шыққанын, өкінішке қарай 1 752 адам қайтыс болғанын атап өтті. Қазір 3 145 пациент емделіп жатыр.