Елорда жаңалықтары

Қазақстандық қойылым беделді әлемдік мюзикл фестивалінде ұсынылады

Қойылым 26-27 қазан аралығында фестивальдің YouTube каналында көрсетіледі. Айта кету керек, бұл мәдени шара жыл сайын Тэгу қаласында өтеді және театрсүйер қауым үшін Нью-Йорк музыкалық фестивалінен (NYMF) кейінгі ең маңызды фестиваль болып табылады. Оны ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен үздік мюзиклдерді таңдап, корей көрермендеріне таныстырады. Фестиваль бағдарламасына «Жібек» спектаклінен басқа 8 елдің мюзиклдері кірді. Ғабит Мүсіреповтің (композитор - Е.Брусиловский) «Жібек» мюзиклі мәңгілік махаббаттың қайғылы оқиғасы туралы баяндайтын осы аттас қазақ эпосының негізінде қойылғанын атап өткен жөн. «Қыз Жібек» лирикалық шығармасының жаңартылған нұсқасы «Жастар» театрының репертуарындағы жарқын қойылымдардың бірі және фестивальдер мен байқауларда бірнеше рет марапаттарға ие болған. Қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтарын бейнелейтін қойылымның режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

-->