Елорда жаңалықтары

Елордадан Алматы мен Өскеменге қатынайтын пойыздардың жүру жиілігі артады

1 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан – Алматы және  Нұр – Сұлтан – Өскемен бағытында қатынайтын пойыздардың пойызының жүру жиілігі артады. Бұл туралы Елорда Инфо «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. №4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Алматы-2» 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан, 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Алматыдан күн сайын жөнелтіледі; №68/67 «Нұр – Сұлтан - Нұрлы жол – Өскемен-1» 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Өскеменнен күн сайын жөнелтіледі. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін, жолаушылардан санитарлық-карантиндік талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр), вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауларын сұрайды. Сондай-ақ, сапарға шығар күні билеттер болмаған жағдайда, «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске саламыз.

-->