Праймериз кезінде пікірталастың бәрі тартымды және қызықты өтті деуге негіз бар – партия хатшысы
Ол өз сөзінде іс-шаралар кезінде коронавирус індетінің таралмауы үшін қойылған тиісті талаптар толықтай орындалғанын атап өтті. «Жалпы жұрттың мұндай ашық саяси доданың негіздерін енді ғана игере бастағанын ескерер болсақ, саяси пікірталастың бәрі өз деңгейінде тартымды және қызықты өтті деуге негіз бар. Сол сияқты өңірлердегі үгіт науқандары да түрлі қарқында өтті. Бұл ретте кездесулерде әлеуметтік арақашықтық сақтау және санитарлық нормаларды толығымен орындау секілді талаптар толығымен орындалды», - дейді Арман Қырықбаев. Брифинг барысында іс-шаралар ұзын саны 1,4 млн адамды қамтығанын мәлім етті. «Праймериз қатысушылары негізінен онлайн форматқа басымдық берді. Шараларды түсіріп, бейнеролик ретінде таралды. Осылайша жеке сайлауалды күн тәртібін қалыптастыра білді. Үгіт-насихат кезеңінде 123 656 іс-шара мен жарияланым ұйымдастырылды. Олардың ішінде 62 813 іс-шара тікелей 1,4 млн-нан астам адамды қамтыды. Әлеуметтік желілерде 60 846 жарияланым шыққан болса, республикалық және өңірлік БАҚ беттерінде 4 113 материал жарық көрді», - деп сөзін қорытындылады.
--> «Праймериз жаңа әлеуметтік лифт қызметін атқарып, қатысушылардың жария саясатта өздерін көрсетулеріне, өзінің көзқарастары мен ұстанымдарын қорғай алуына мүмкіндік берді. Бәсекелестікті барша жұрт бақылады. Әркім үгіт-насихатын, жеке стратегиясы мен тактикасы тұрғысынан жүргізуге мүмкіндік алды. Еліміздің түкпір-түкпірінде 1 980 пікірсайыс өткізілді. Олар түрлі сипатта болды. Қызу пікірталас болған жерлер де бар. Енді бір орындарда тәртіпті сақтап өткендері де болды», - дейді партияның хатшысы.Ол өз сөзінде іс-шаралар кезінде коронавирус індетінің таралмауы үшін қойылған тиісті талаптар толықтай орындалғанын атап өтті. «Жалпы жұрттың мұндай ашық саяси доданың негіздерін енді ғана игере бастағанын ескерер болсақ, саяси пікірталастың бәрі өз деңгейінде тартымды және қызықты өтті деуге негіз бар. Сол сияқты өңірлердегі үгіт науқандары да түрлі қарқында өтті. Бұл ретте кездесулерде әлеуметтік арақашықтық сақтау және санитарлық нормаларды толығымен орындау секілді талаптар толығымен орындалды», - дейді Арман Қырықбаев. Брифинг барысында іс-шаралар ұзын саны 1,4 млн адамды қамтығанын мәлім етті. «Праймериз қатысушылары негізінен онлайн форматқа басымдық берді. Шараларды түсіріп, бейнеролик ретінде таралды. Осылайша жеке сайлауалды күн тәртібін қалыптастыра білді. Үгіт-насихат кезеңінде 123 656 іс-шара мен жарияланым ұйымдастырылды. Олардың ішінде 62 813 іс-шара тікелей 1,4 млн-нан астам адамды қамтыды. Әлеуметтік желілерде 60 846 жарияланым шыққан болса, республикалық және өңірлік БАҚ беттерінде 4 113 материал жарық көрді», - деп сөзін қорытындылады.