Елорда жаңалықтары

Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» словак тіліне аударылды

Үлкен қашықтық Абай шығармашылығын бағалаушылар үшін кедергі болған жоқ. Ұлы қазақ философы мен ағартушысының 175 жылдық мерейтойына орайластырылған онлайн-іс-шара екі елдің академиялық топтары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің басын қосты. Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Роман Василенко Абайдың «Қара сөздері» қазақ және әлем әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. «Қазақ тілінен аударғанда бұл атау өзінің терең философиялық мағынасы бар және оның даналық сөздерінің сыни, тіпті өзін-өзі сыни сипатын көрсететін «Қара сөздер» дегенді білдіреді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында бұл туралы, сондай-ақ Абай шығармашылығының қазіргі Қазақстан үшін нені білдіретіні туралы өте анық айтқан болатын. Бұл кітапты басып шығару словактарға қазақтардың тарихы мен қазіргі Қазақстанды жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді және біздің екі халқымыз бен екі елімізді одан да жақындатады деп үміттенеміз», − деді қазақстандық дипломат. Шығарма әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және қазір словак оқырмандары үшін алғаш рет ашылуда. Жаңа кітаптың даналары словак жоғары оқу орындарының кітапхана қорларына және Словакияның қоғамдық кітапханаларына жіберілетін болады. Шараға Братиславадағы Экономикалық Университетінің профессоры, бұрын Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік хатшысы болған және Словакияның Парламентінде Қазақстанмен достық тобының мүшесі Ольга Нахтманова және аударманың авторы, филология ғылымдар кандидаты Катарина Стрелкова қатысты. Қазақстандық тараптан презентацияға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұналбаева, ақын, Қазақстан жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдардың докторы Светлана Ананьева атсалысты. Абай Құнанбайұлының шығармалары қазақ және әлем әдебиетінің классикасына айналды. Ұлы қазақ ойшылының «Қара сөздер» атты ең жарқын туындысы 45 өсиет әңгімеден не философиялық трактаттан тұрады. «Қара сөздер» – бұл оқырманға үндеу, онымен сырласу тәрізді сұхбат және халықтың тағдыры аясында бөлек бір адамның өміріндегі философия.

-->