Елорда жаңалықтары

Триатлоннан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады

Триатлоншылар 2020 жылдың 3-17 қазаны аралығында оқу-жаттығу жиынына жиналады. COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында спортшылар алғашқы аптаны қатаң карантин режимінде өткізбек. Әрі қарай жиын бапкерлер дайындаған жоспар бойынша жалғасады. «Оқу-жаттығу жиыны карантиннен кейін алғаш рет өткізіліп отыр. Бас бапкер мен жаттықтырушылар кеңесе келе, спортшылардың жүзудегі техникасын арттыруды және төзімділікті күшейтуді жоспарлауда. Ал жүзуден жақсы нәтиже көрсетіп жүрген комнада мүшелері жүгіруге баса назар аударады. Негізінен, команданың басым бөлігі жүзу техникасын жақсарту үшін жұмыс істейді.  Әрбір атлетпен жеке сөйлестік, барлығының көңіл-күйі тамаша және келесі маусымға дайын», - дейді бас хатшы Максим Крят. Жоспар бойынша, оқу-жаттығу жиындары үш кезеңмен өтеді.

-->