Елорда жаңалықтары

Елордада ескі затты жаңаға айырбастайтын жәрмеңке өтуде

Тұрғындар жәрмеңкеге өздерінің  қажеттілігін жоғалтса да, сапасы сақталған заттарын әкеліп, оларды көрмеге қойылған кез келген бұйымдарға айырбастай алады. Мейлі ол кітаптар, ойыншықтар, киімдер болсын, шектеу жоқ. Мәселен, елорда тұрғыны Нұржігіт Тасболатов тастауға қимайтын бірақ өзіне сыймайтын екі көйлек пен шалбарын әкеліпті. «Жәрмеңкенің жарнамасын әлеуметтік желіден көріп, қатты қуандым. Үйде керек болып қалады дейтін, бірақ босқа тұрған заттар көп. Солардың бәрін осында бергім келіп отыр. Кітап, сөмкелер, киімдер бар. Оларды қоқысқа тастауға қимаймын. Әрі оның орнына жаңа нәрсе алуға болады, ол тіпті керемет. Жиі ұйымдастырылса екен», - деді ол. «Айырбастың бұл түрі заттарға жаңа өмір сыйлап қана қоймай, уақыт пен қаражатты, түрлі ресурсты үнемдеуге септігін тигізеді», - дейді Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова. «Шара мақсаты: екінші өмір сыйлау, астарында экология мәселесі тұр. Тұрғындарға ескі затты сұрыптауға боларын көрсету. Бұл елорда бойынша екінші рет өткізіліп жатыр. Жәрмеңкеге түрлі заттар алып келуде. Кітап, киімдер, күртешелер, аяқ киімдер мен түрлі әшекей-бұйымдар,  су жаңа гаджеттерді де көруге болады. Алдағы уақытта да ұйымдастыру ойда бар. Келушілер дән риза», - дейді жоба жетекшісі. Көрмеге түрлі бұйымдар қойылған, ешқайсысын қолданылған деуге келмейді. Сапасы сақталған, өндірістен жаңа шыққандай. Айжан Оразхан мұндай игі шараның болатынын есітіп, өзінің сүйікті кітаптарымен бөлісуді ұйғарыпты. «Менің ойымша, бұл сыйлықтар жәрмеңкесі. Өзіңе керексіз болып қалған емес, ең жақсы көретін затыңды сыйға тарту ету керек. Не аламын деп келмей, нендей керемет зат бере аламын деп ойландым өзім. Содан Абай жолы кітабының 5 томын ала келдім. Әрбір жас оқу керек. Ал оның орнына психологиялық 3 кітап алдым», - деп пікірін білдірді ол. Ал Алихан Рахмет болса, мұндай бастама қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс табатынын айтады. «Қазақ халқында ағасы киген киімді інісі, одан қала берді ауылға беріп жіберу бар. Ол өте дұрыс деп ойлаймын. Бұл шараның да негізі айтар ойы кез келген затты сөреде сақтай бермей, екінші өмір сыйлау. Мұқтаж жанға сыйға тарту. Мен мұнда анамның қымбат болса да кимейтін көйлектері мен бірнеше аяқ киімін алып келдім. Орнына ештеңе алмаймын. Тек тарту еткім келеді», - дейді ол. Жәрмеңке соңында қалып қойған заттар қайырымдылық ұйымдары мен әлеуметтік дүкендерге тапсырылады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

-->