Елорда жаңалықтары

Волонтерлер зейнеткерлер мен ардагерлерге азық-түлік жиынтығын жеткізді

Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр және шілде айларында «Жеңіс» жобасы аясында еріктілер Қазақстанның 35 қаласынан келген 600-ден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетті. Жалпы, жыл соңына дейін республика бойынша 1 500-ден астам қарт адамға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету жоспарланып отыр. «Ата-әжелер үшін сыйлықтар мен заттар маңызды емес, бірақ оларға көңіл бөлу мен қамқорлық қажет. Осындай іс-шаралардың арқасында волонтерлер өз тәжірибелерін қабылдай отырып, егде жастағы адамдармен байланысады. Мұндай қарым-қатынас жастарды да, ересектерді де шабыттандырады», - деді Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының жоба менеджері Ажар Абдиева. Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының көмекке зәру адамдарға бей-жай қарамайтын қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. volunteer.sknews.kz сайты арқылы өтініш беру арқылы ҚР кез келген азаматы волонтер бола алады. Қор тобындағы волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлікті, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесуді, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосуды көздейді.

-->