Елордада автобустар линияға шығарда толық дезинфекциядан өткізіледі
Қоғамдық көліктің жандануына байланысты автобустар мен аялдамаларда күнделікті дезинфекция жасалынады. Линияға шығарылар алдында әр автобус дезинфекцияланады. Соңғы аялдамаларда жүргізушілер автобустарды дезинфекциялайды. Олар есік тұтқаларын, шынтақшалар мен валидатор және т.б көпшілік ұстайтын жерлерді арнайы дезраствормен сүртеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Естеріңізге саламыз, жолаушыларға қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге тыйым салынды. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті тексеру жүргізеді. Олар автобус салонында бетперде тағу міндеті туралы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысын орындауды бақылайды.
[caption id="attachment_16255" align="alignnone" width="800"] фото: astana.gov.kz[/caption]
Елорда тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.
Бұл күндері қала бойынша сағат 6.00 мен 22.00 аралығында қалалық автобустар қатынайды. Төтенше жағдайға дейін жолаушылар ағыны 700 мыңнан асатын болса, қазір 300 мыңнан астам.