Елорда жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ғимаратында күту бизнес-залы ашылды

Priority Pass – бұл жолаушыларға бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы VIP-залдарды пайдалануға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарлама. Компания өкілдері атап өткендей, енді Priority Pass қызметін қазақстандық жолаушылар да, Қазақстанға келетін шетелдік қонақтар да пайдалана алады. «Бүкіл дүниежүзі бойынша осындай VIP-залдардың 1 300 түрі әлемнің 600 қаласында, 140 елінде бар. Ең алдымен, жайлы лаунж-залы эконом және бизнес класс жолаушыларына арналған. Мұнда Wi-Fi күшейтілген режимде жұмыс істейді. Соның ішінде балалар аймағы, тегін тамақтану, жоғары деңгейде қызмет көрсету белгіленген», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов. Priority Pass лаунж-залдары 35 адамға арналған демалу немесе жұмыс істеу үшін қолайлы орындармен жабдықталған. Сондай-ақ, тегін тағамдар мен сусындар бар. РР картасын және әуе билетін ұсынған жолаушыға ұсынылатын тегін қызметтер тізімінде теледидар көру, телефонды/смартфонды/планшетті зарядтау мүмкіндігі, жаңа баспасөз журналдары, балаларға арналған аймақ бар. [caption id="attachment_39616" align="alignnone" width="800"] Фотоны түсірген автор[/caption] Әуе билеті бар 6 жасқа дейінгі балаларды кейбір залдар тегін өткізіп жібереді. Мұндай картаны алудың екі нұсқасы бар: қызмет көрсететін банктің кеңсесінен сатып алу немесе Priority Pass ресми сайтына тапсырыс беру. Картаны жасау үшін бір айға жуық уақыт кетеді. Оны рәсімдеу үшін бағдарламаның сайтында тіркеуден өтіп, жеке шотыңызды көрсету, жеткізу ақысын және жарнаны төлеу қажет. Қонақ бөлмені пайдалану қызметтер пакеті 89-дан 300 еуроға дейін баруы мүмкін.

-->