Достық көшесі жартылай жабылады
Достық көшесі 23 мамырға дейін жартылай жабылады. Көлік жүргізушілері кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда», – деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол). Барлық жұмыс «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асады. Аталған бағдарлама бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 536 жұмыс орны ашылады.
-->Достық көшесі 23 мамырға дейін жартылай жабылады. Көлік жүргізушілері кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда», – деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол). Барлық жұмыс «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асады. Аталған бағдарлама бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 536 жұмыс орны ашылады.