2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының 99%-ына кең жолақты интернет қолжетімді болады – Мамин
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Е. Адайбеков, сондай-ақ «Beeline Казахстан» бас атқарушы директоры Е. Настрадин баяндады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және интернетке мобильді қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылуда. Қазіргі кезде интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен 6 459 ауылдық елді мекеннің 4 751-і қамтамасыз етілді (ауыл халқының 97,8%-ы). Осы жылдың қорытындысы бойынша 5,2 мыңнан аса ауыл — еліміздегі ауыл халқының 99%-ы үшін кең жолақты интернет қолжетімді болады. «Интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту мәселелері еліміздің дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Ауылдарды кең жолақты интернетке қосу жөніндегі биылға арналған барлық жоспарлар мерзімінде іске асырылады», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы әкімдіктерге КЖҚ жобалары бойынша жабдықтар орнату үшін учаскелер бөлу рәсімдерін жедел жүргізуді, цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, халық саны 250 адамнан аз ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды. Премьер-Министр мектеп оқушылары мен студенттерді қашықтан оқытуға байланысты өте өзекті болып отырған интернет сапасын едәуір арттырудың маңыздылығын атап өтті. Ол үшін техника сатып алынуда, байланыс және интернет қызметтерінің сапасын бақылауға арналған барлық ресурстар бар. «Әрбір тұрғын үй мен ұйымда орналасқан жеріне қарамастан, сапалы интернет пен байланыс болуы керек. Сондықтан нақты талаптарды белгілеп, тиісті жабдықты орнату мәселелерін пысықтау қажет. Цифрлық даму министрлігі индустрия министрлігімен бірлесіп, аталған мәселелерді шешуі керек», — деді А. Мамин. Цифрлық даму министрлігіне білім министрлігімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, нарықтың әлеуетті қажеттілігін ескере отырып, АT-мамандарды даярлау мәселелерін пысықтау тапсырылды.
-->Атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Е. Адайбеков, сондай-ақ «Beeline Казахстан» бас атқарушы директоры Е. Настрадин баяндады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және интернетке мобильді қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылуда. Қазіргі кезде интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен 6 459 ауылдық елді мекеннің 4 751-і қамтамасыз етілді (ауыл халқының 97,8%-ы). Осы жылдың қорытындысы бойынша 5,2 мыңнан аса ауыл — еліміздегі ауыл халқының 99%-ы үшін кең жолақты интернет қолжетімді болады. «Интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту мәселелері еліміздің дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Ауылдарды кең жолақты интернетке қосу жөніндегі биылға арналған барлық жоспарлар мерзімінде іске асырылады», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы әкімдіктерге КЖҚ жобалары бойынша жабдықтар орнату үшін учаскелер бөлу рәсімдерін жедел жүргізуді, цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, халық саны 250 адамнан аз ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды. Премьер-Министр мектеп оқушылары мен студенттерді қашықтан оқытуға байланысты өте өзекті болып отырған интернет сапасын едәуір арттырудың маңыздылығын атап өтті. Ол үшін техника сатып алынуда, байланыс және интернет қызметтерінің сапасын бақылауға арналған барлық ресурстар бар. «Әрбір тұрғын үй мен ұйымда орналасқан жеріне қарамастан, сапалы интернет пен байланыс болуы керек. Сондықтан нақты талаптарды белгілеп, тиісті жабдықты орнату мәселелерін пысықтау қажет. Цифрлық даму министрлігі индустрия министрлігімен бірлесіп, аталған мәселелерді шешуі керек», — деді А. Мамин. Цифрлық даму министрлігіне білім министрлігімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, нарықтың әлеуетті қажеттілігін ескере отырып, АT-мамандарды даярлау мәселелерін пысықтау тапсырылды.