Елордадағы «Бозоқ» ескерткішінің ашылғанына 23 жыл толуына орай «Ағаш отырғыз» акциясы өтеді
Қолайсыз климаттық жағдайларды жұмсарту және қала халқының өмірі мен демалысы үшін жайлылық жасау мақсатында елорданың жасыл белдеуін құру мәселесін 1996 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті —Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қазір республика астанасының айналасында жасыл белдеу қалыптастыру мәселесі әлі де өткір тұрғанын атап өтті. Акцияға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ғалымдар: профессор, т.ғ.д. З.С. Самашев, профессор, т.ғ.д. Ж.О. Артықбаев, т.ғ.к. М. К. Хабдулина, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары мен студенттері қатысады. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан «Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағында өтеді. Басталуы: сағат 11.00.
-->Қолайсыз климаттық жағдайларды жұмсарту және қала халқының өмірі мен демалысы үшін жайлылық жасау мақсатында елорданың жасыл белдеуін құру мәселесін 1996 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті —Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қазір республика астанасының айналасында жасыл белдеу қалыптастыру мәселесі әлі де өткір тұрғанын атап өтті. Акцияға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ғалымдар: профессор, т.ғ.д. З.С. Самашев, профессор, т.ғ.д. Ж.О. Артықбаев, т.ғ.к. М. К. Хабдулина, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары мен студенттері қатысады. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан «Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағында өтеді. Басталуы: сағат 11.00.