Елордада Business Lady Kazakhstan республикалық байқауының финалы өтеді
Business Lady Kazakhstan байқауының ұйымдастырушысы Сәуле Қайсардың айтуынша, биыл байқаудың іріктеу кезеңі онлайн форматта өтті.
"Байқауды біз үшінші жыл өткізіп келеміз. Биыл еліміздің түрлі облыстары мен қалаларынан 10 финалист бар. Олар бас жүлдені сарапқа салады. Біз гран-при иесіне құны 2000 евро болатын алтын жалатылған зергерлік бұйымдар жиынтығын береміз. Іс-шараны ұйымдастыруда бізді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі қолдады", - деп атап өтті ол.
Ұйымдастырушы мәлім еткендей, іріктеу турында қазылар алқасы әйелдердің бизнесті дамытуға қосқан үлесін, қайырымдылыққа қатысуын, сондай-ақ азаматтық белсенділігін бағалады.
"Байқауға дейін біздің бизнес-тренерлер, психологтар қатысушылар үшін шеберлік сабақтарын өткізді. Іс-шаралардың бір бөлігі карантинге байланысты онлайн форматта өтті, бір бөлігін біз конкурстан бір апта бұрын оффлайн өткіздік. Бүгін бізде бас дайындық болды, ал ертең марапаттау болады", - деп түсіндірді Сәуле Қайсар.
Байқаудың финалы үш кезең арқылы өтеді: презентация, сұрақ-жауап және шығармашылық нөмір.
Қазылар алқасы ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, спортшылар, белгілі қоғам қайраткерлері мен шоу-бизнес әртістері қатысады.
-->Business Lady Kazakhstan байқауының ұйымдастырушысы Сәуле Қайсардың айтуынша, биыл байқаудың іріктеу кезеңі онлайн форматта өтті.