Қазақстандық оқушылар халықаралық математикалық олимпиадада күміс және қола медаль жеңіп алды
Құрама команданың жаттықтырушысы, математика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Қанат Сатылханов шәкірттерінің жетістіктеріне көңілі толатынын атап өтті. Биыл балалар IMO 2020 халықаралық сайыстың барлық қатысушылары сияқты қашықтан дайындалды. "Олимпиада прокторинг жүйесі арқылы өтті. Жарыс бүгін ресми түрде аяқталады. Қазақстанның командалық нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарды. Алтын медаль жеңіп алуға бір ғана ұпай жетпеді. Негізінен біздің балаларымыз өте мықты. Әр бала өз алдына қойған мақсатына жете алады. Осы ретте балаларға қолдау көрсету маңызды. Ата-аналар мен педагогтерге бірлескен еңбегі үшін алғыс айтамын", – деді Қанат Сатылханов. Ел намысын қорғаған команда құрамына Таир Сатубалдин (Алматы қ.), Тамирлан Бектемісов (Алматы қ.), Нұртас Шынтас (Алматы қ.), Юрий Тен (Алматы қ.), Данат Дүйсенбеков (Нұр-Сұлтан қ.) және Фетуллах Сам (Нұр-Сұлтан қ.) кірді. Халықаралық математика олимпиадасының ережелеріне сәйкес жоғары сынып оқушыларына екі күннің ішінде 6 есепті шешуі тиіс. Тапсырмалар математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша, негізінен геометрия, алгебра, сандар теориясы және комбинаторикадан беріледі.
-->Құрама команданың жаттықтырушысы, математика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Қанат Сатылханов шәкірттерінің жетістіктеріне көңілі толатынын атап өтті. Биыл балалар IMO 2020 халықаралық сайыстың барлық қатысушылары сияқты қашықтан дайындалды. "Олимпиада прокторинг жүйесі арқылы өтті. Жарыс бүгін ресми түрде аяқталады. Қазақстанның командалық нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарды. Алтын медаль жеңіп алуға бір ғана ұпай жетпеді. Негізінен біздің балаларымыз өте мықты. Әр бала өз алдына қойған мақсатына жете алады. Осы ретте балаларға қолдау көрсету маңызды. Ата-аналар мен педагогтерге бірлескен еңбегі үшін алғыс айтамын", – деді Қанат Сатылханов. Ел намысын қорғаған команда құрамына Таир Сатубалдин (Алматы қ.), Тамирлан Бектемісов (Алматы қ.), Нұртас Шынтас (Алматы қ.), Юрий Тен (Алматы қ.), Данат Дүйсенбеков (Нұр-Сұлтан қ.) және Фетуллах Сам (Нұр-Сұлтан қ.) кірді. Халықаралық математика олимпиадасының ережелеріне сәйкес жоғары сынып оқушыларына екі күннің ішінде 6 есепті шешуі тиіс. Тапсырмалар математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша, негізінен геометрия, алгебра, сандар теориясы және комбинаторикадан беріледі.