Әбіш Кекілбаев залында «Есіл» ауданынан праймеризге қатысушылардың ашық пікірсайысы өтті
Уақыты жағынан ең ұзақ ашық пікірталас Елордада өз мәресіне жетті. «Nur Otan» партиясы астаналық филиалының Есіл ауданынан өткен партияішілік іріктеудің қатысушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында талқыланып, ал пікірталас алаңы ретінде жазушы және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың залы анықталды. Бұл туралы Елорда Инфо партияның елордалық филиалы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Шынында да, праймеризге қатысушылар үшін өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсыну және осы залда өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылау үлкен мәртебе. Жарқын да қызықты тағдыры бар жазушы-, журналисттің және ақынның ерекше аурасы бар», - деді Елорданың «Nur Otan» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.
Пікірталастағы ерекше тақырып ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лорияға бұйырды. Танымал футболшы «Нөсердегі канализация және тазарту құрылғылары» тақырыбында пікір таласқа түсті. Давидтің айтуы бойынша, бүгінде техника мен мамандардың жетіспеушілігі байқалады, сондай-ақ, канализация желілеріне заңсыз кіру тиісті түрде мониторинг жүргізілмейді. Спортшы елорданың өркендеуі үшін кадрларды даярлауды, заманауи арнайы техниканы сатып алуды, халықаралық тәжірбиені пайдалануды ескеру қажет деп санайды.
Тағы да бір спортшы, Грепплинг және джуи-джитсудан әлем чимпионы Қанат Алин кәсіпкерлік мәселелері бойынша пікірсайыста сөйлеген сөзінде елімізде бизнес жобаларды жасау, оны әлеуметтік салада іске асыру үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
«Менің жағдайымда әлеуметтік бизнес, бұл бүгінгі күннің шындығы және біз осы бағытта жұмыс жасаймыз. Атап айтқанда, спорт қолжетімді болуы керек. Аға буын және біздің жас ұрпақ спортпен шұғылдануға еркін қол жеткізуі керек», - деп толықтырды.
«Nur Otan» партиясының астаналық филиалы «Есіл» ауданы қатысушыларының пікірталастары мерзімі жағынан ең ұзағы болды. 6 күн ішінде 160 адам пікір алмасты. Ертең пікірсайыс эстафетасын «Сарыарқа» ауданы алады. Шамамен 80 адам қатысады. Олардың қатарында актер және шоумен Қабатов Тұрсынбек, олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев, ҚазҰӨА ректоры, танымал скрипкашы Айман Мұсаходжаева бар.