Елордалық ТЖД өрт қауіпсіздігі айлығы аясында рейдтер жүргізіп жатыр
Рейд барысында ТЖД өкілдері қала тұрғындарына пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді.
«Рейдтер өрт қауіпсіздігі айлығы аясында 15 тамыздан бастап жүргізіліп келеді. Іс-шараның мақсаты — халыққа жылыту құралдарын, пештер мен электр желілерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері қала аумағында 399 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға төмен. Өкінішке орай, өрттің салдарынан 12 адам қаза тауып, 19 адам жараланды, 90 адам құтқарылды, 265 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Өртті сөндіру кезінде 445 млн теңгеге материалдық құнды заттар шығарылды», — деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау саласындағы апаттарды азайту және бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы.
Оның айтуынша, елордада өрттердің басым бөлігі жеке секторға тиесілі.
«Өрттердің басым бөлігі, яғни 53% немесе 211 өрт оқиғасы жеке секторда тіркелген. Тұрғын үйлерде өрттің пайда болу себептері: жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау, электрондық аспаптарды пайдалану қағидаларын сақтамау, сондай-ақ отты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамау. Осыған байланысты біз 9 мыңнан астам үйді тексеріп, елорданың 14 мың тұрғынын өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарымен қамтыдық», — деп түсіндірді басқарма басшысы.
ТЖД өкілдері өрттің жиі кездесетін себебі электр қыздырғыш құралдарының қараусыз қалдырылған және жанында орналасқан жанғыш материалдардың тұтануы болып саналатынын атап өтті.
«24 қыркүйекте Марков көшесіндегі осы алапта 5 адам улы газбен уланған. Қазіргі уақытта бұл азаматтар ауруханада жатыр. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, улы газбен уланудың және өрттің туындауының алдын алу үшін мына ережелерді сақтау керек: біріншіден, жылыту маусымы басталғанға дейін пештерді жөндеу және түтіндіктерді тазалау керек, екіншіден, пештің жанына тез тұтанатын заттарды қоймау, пештің үстіне киім мен аяқ киімді кептірмеу, сондай-ақ қосылған пешті қараусыз қалдырмау немесе бұл істі кішкентай балаларға сеніп тапсырмау. Балабақшалар мен мектептерге барудың шектелуіне байланысты балаңызды үйде жалғыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, электр желілерінің күйін тексеріңіз. Егер ақауларын тапсаңыз, бөлшектерді бірден жаңаларына ауыстырыңыз. Электр аспаптарын қатты қыздырмау керек және ұйқыға дейін 1-1,5 сағат бұрын пешті сөндіруге кеңес береміз», — деп атап өтті Еркін Отарғалымұлы.
«Промышленный» тұрғын алабының тұрғыны Сырлыбек Тұрсынбекова өз тарапынан өрт қауіпсіздігінің барлық ережелері сақталатынын айтты.
«Бәріміз өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауымыз керек. Жылыту маусымы басталғалы түтіндіктерді тазалап, пештерді тексере бастадық. Бүгін ТЖД өкілдері үйді тексеріп, тиісті ақпарат берді. Мен де өз кезегімде азаматтарды барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамын», — деді Сырлыбек Тұрсынбеков.
-->Рейд барысында ТЖД өкілдері қала тұрғындарына пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді.