Елорда жаңалықтары

Елордада Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерейтойы онлайн өтіп жатыр

«Құрметті қонақтар, ұстаздар, бүгінгі мерекемен қала әкімшілігінің атынан шын жүректен құттықтаймыз! Мұндай төл мерекені пандемия болмағанда дүркіретіп өткізуге де болар еді. Дегенмен онлайн форматта қатысып, атап өтіп отырмыз. Колледждің тарихы өте зор. Білікті мамандардың, ел азаматтарының біразын даярлаған. Елбасымыз техникалық білім беру саласының дамуына әрдайым көңіл бөліп келеді. Президентіміз де техникалық мамандықты бітіріп шыққан жастардың түрлі салада еңбек етуіне мән беріп жүр», - деді Б.Мәкен.

Бақтияр Мәкен сөзін жалғай отырып алда үлкен мақсаттар бар екенін айта келе, жол картасы аясында жөндеу жүргізілгенін тілге тиек етіп өтті. «Өздеріңіз білетіндей, жылда арнайы 400-ден аса маманды даярлау үшін гранттар бөлінеді. Былтыр колледж ең үздік ұйым ретінде 10 млн теңге грантқа ие болды. Бұл үлкен жетістік. Мұнда оқып жатқан жастар өздерін биік белестерден көрсетіп жүр. Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ғимарат жақсарып қалды деген ойдамын. Жалпы материалдық-техникалық жабдықтауға бізде тиісті қаражат бөлініп жатыр. Келесі жылға 404 млн теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Еліміздегі беделді азаматтар кезінде осы оқу орнынан білім алып шыққан. Осы колледждің дәрежесі, мәртебесі үстем бола берсін!» - деп әкім орынбасары сөзін аяқтады. Осыдан кейін сөз алған колледждің түлегі, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов сөз алып, білікті жастардың шығуына тілектестігін білдірді. «Құрметті жиналған қауым, мен үшін бұл үлкен мерекелік күн. Ең алдымен айтарым, Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық кеңес пен Ардагерлер кеңесінің атынан сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жоспарларыңыз сәтті болып, түлектеріңіз білікті болып, елімізге жасайтын қызметтері зор болсын деп тілеймін! Жастар тәрбиелеп жатқан ұстаздарға, ұжымға амандық, денсаулық, үлкен жетістіктер тілеймін!» - деді Сансызбай Есілов. Сөз арасында ол өткен өміріне көз жіберіп, орта мектепті бітіргеннен кейін медицина саласына барғысы келгенмен теміржолда істейтін әкесі шебер, инженер мамандығына түсуге көндіргенін айтып өтті. «Бұл колледжде кәсіби білім алып, үлкен ұстаздардың дәрісін тыңдадым. Бұл оқу орнының негізі сол жылдары қаланған. Оқу бітірген соң алған білімімнің арқасында өз салам бойынша жұмыс істеу қиынға түспеді. Бұл колледж – еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі», - деп Сансызбай Есілов ойымен бөлісті. Осыдан кейін сөз алған Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров та колледж жайлы былай деп ой бөлісті: «Баршаңызды 75 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл оқу орны жайлы жылы-жылы естеліктер, ыстық тілектер айтылып жатыр. Өзім медицина саласында білім алғаныммен осы техникумды бітірген достарым өте көп болды. Олардың бәрі қазір еліміздің түрлі салаларында қызмет етіп жүр. Осы достарыма қарап, бұл колледждің білім деңгейінің жоғары екенін, еліміздің патриот азаматтарын тәрбиелеп шығаратынын сеніммен айта аламын», - деді Мәжит Шайдаров.

--> «Құрметті қонақтар, ұстаздар, бүгінгі мерекемен қала әкімшілігінің атынан шын жүректен құттықтаймыз! Мұндай төл мерекені пандемия болмағанда дүркіретіп өткізуге де болар еді. Дегенмен онлайн форматта қатысып, атап өтіп отырмыз. Колледждің тарихы өте зор. Білікті мамандардың, ел азаматтарының біразын даярлаған. Елбасымыз техникалық білім беру саласының дамуына әрдайым көңіл бөліп келеді. Президентіміз де техникалық мамандықты бітіріп шыққан жастардың түрлі салада еңбек етуіне мән беріп жүр», - деді Б.Мәкен.