Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметкерлері Мақтаарал ауданына біркүндік жалақыларын аударды

Әкімдік пен оған бағынысты ұйымдардың қызметкерлері Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан ауылдарының тұрғындарына көмек ретінде біркүндік жалақысын аударды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қаржы ауылдардың инфрақұрылымдары мен үйлерін қалпына келтіруге арналған. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмекпен жүк көліктерін жіберді. Аудан тұрғындарына 40 тонна тауар жіберілді, оның 20 тоннасы ұн, сұйық май, қант, күріш, макарон, кір жуатын ұнтақ, сабын, су сабын сияқты бірінші кезектегі қажетті заттарды жіберді. Сондай-ақ шатыр, құрылыс материалдары, жүзден астам кереует, төсек-орын, ыдыс-аяқ пен су сорғытатын жеті нанос жөнелтілді.

-->