«Астана Опера» Халықаралық музыка күні әйгілі Messa di Gloria туындысын ұсынады
Туындыдағы жеке партияларды театр солистері Рамзат Балакишиев (тенор) пен Талғат Ғалеев (баритон) орындайды. Messa di Gloria – Джакомо Пуччинидің ең әйгілі туындыларының бірі, бұған қоса ол ұлы композитордың сирек орындалатын шығармаларының бірі болып табылады. "Мессаның әрбір нөмірінде айрықша сұлулық бар, бұл – бейнелі, мәнерлі музыка. Католиктік шіркеудегі месса – салтанатты ғибадат ету. Аталмыш шығарманың айқын музыкалық тақырыптарында Тәңірді мадақтау анық естіледі. Діни музыкасы бар бұл туындыға Пуччини шығармашылығын бірегей әрі оған дейінгілердің жұмыстарынан өзгеше ететін барлық белгілер тән. Бұл дегеніміз – біздің «Тоска», Турандот», «Богема», «Мадам Баттерфляй» немесе «Манон Леско» сынды опералардан көріп-тыңдап үйренген нәрселердің бәрі – нәзік әуенділік, оркестрге керемет лайықтау, әдеттен тыс үйлесімді қадамдар. Хор шіркеуде ән айтқанда, мінәжат жасауға кедергі келтірмеу үшін эмоциясыз айтуы тиіс деп есептеледі. Бірақ біз шіркеуде емес, сахнада орындайтын боламыз, сондықтан біздің мақсатымыз басқа: тыңдарман қауым бізбен бірге композитордың партитураға енгізген сезімдерін түйсінуі үшін музыканың бар әсемдігін, кемеңгер Пуччинидің тереңдігін көрсететін боламыз", - деді театрдың бас хормейстері Ержан Дәуітов. Мессаның қарапайым емес партитурасы өзіне баса назар аударуды және сан мәрте дайындық жасауды қажет етеді. Орындаушылар қайталанбас «пуччинилік» стильді шыңдай отырып, әр нюанс бойынша ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізіп, тап-таза дыбыстауға қол жеткізді. "Барлық дайындықтарды аспаптардың жаңадан орналасуын ескеріп, бүкіл орындаушылар арасында бір жарым метрлік қашықтықты сақтай отырып жүргіздік. Хор әртістері иық тіресіп тұруға үйреніп қалған, бұлайша олар аса сезімталдықпен бір-бірін түсініп, тыңдайды, дауыстары бір арнаға тоғысады. Әлбетте, басқаша орналасу дыбысталуға әсер етеді, алайда ұжым мұны да еңсере білді. Қуанышқа қарай, маусымның ашылуына арналған гала-концертті айтпағанда, сахнаға шықпаған жарты жыл ішінде әртістер өз формасын жоғалтпаған, керісінше, музыканы, сахнаны, операларды сағынып қалыпты. Барлығы шабыттана жұмыс істеп жатқандығы қуантады, айтарлықтай үзіліс музыканттар мен вокалистерді дайындау кезінде байқалмай да қалды. Жоғары деңгейде өнер көрсетеміз деген ойдамын, себебі ұжымымызға тән дауыстың тыныққан лебі, жарқындық, жинақылық бар екенін сеземін", - деп атап өтті Е.Дәуітов. Еске салар болсақ, 2018 жылдың желтоқсан айында «Астана Опера» хоры осы шығармамен Ресейдің үш танымал консерваторияларының бірі орналасқан және көптеген танымал музыкалық ұжымдар жұмыс істейтін Сібірдің ірі мәдени орталығы Новосібірде өнер көрсетті. Новосібір мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында Дж.Пуччинидің Messa di Gloria шығармасы да алғаш рет шырқалды. Классикалық музыкадан хабары бар қаланың талғампаз көрермендері қазақстандық әртістердің орындауын үлкен қошеметпен қабыл алды. Сонымен қатар елордалық ұжым ресейлік көрермендерге қазақ хор өнерінің атақты туындыларын паш етті. "Музыка күні қарсаңында қымбатты тыңдармандарымызға мықты денсаулық тілей отырып, өздеріне және жақындарына жанашыр, бір-біріне қамқор болуын, әсіресе, осындай қиын жағдайда науқастанып қалуы ықтимал қарияларымыздың саулығына баса назар аударуларын сұраймыз. Музыка арқылы адам рухын асқақтатып, барша жанды жақындастыра алатынымызға үміттенеміз", - деп қорытындылады маэстро Е.Дәуітов. Басталуы сағат 19.00-де.
-->Туындыдағы жеке партияларды театр солистері Рамзат Балакишиев (тенор) пен Талғат Ғалеев (баритон) орындайды. Messa di Gloria – Джакомо Пуччинидің ең әйгілі туындыларының бірі, бұған қоса ол ұлы композитордың сирек орындалатын шығармаларының бірі болып табылады. "Мессаның әрбір нөмірінде айрықша сұлулық бар, бұл – бейнелі, мәнерлі музыка. Католиктік шіркеудегі месса – салтанатты ғибадат ету. Аталмыш шығарманың айқын музыкалық тақырыптарында Тәңірді мадақтау анық естіледі. Діни музыкасы бар бұл туындыға Пуччини шығармашылығын бірегей әрі оған дейінгілердің жұмыстарынан өзгеше ететін барлық белгілер тән. Бұл дегеніміз – біздің «Тоска», Турандот», «Богема», «Мадам Баттерфляй» немесе «Манон Леско» сынды опералардан көріп-тыңдап үйренген нәрселердің бәрі – нәзік әуенділік, оркестрге керемет лайықтау, әдеттен тыс үйлесімді қадамдар. Хор шіркеуде ән айтқанда, мінәжат жасауға кедергі келтірмеу үшін эмоциясыз айтуы тиіс деп есептеледі. Бірақ біз шіркеуде емес, сахнада орындайтын боламыз, сондықтан біздің мақсатымыз басқа: тыңдарман қауым бізбен бірге композитордың партитураға енгізген сезімдерін түйсінуі үшін музыканың бар әсемдігін, кемеңгер Пуччинидің тереңдігін көрсететін боламыз", - деді театрдың бас хормейстері Ержан Дәуітов. Мессаның қарапайым емес партитурасы өзіне баса назар аударуды және сан мәрте дайындық жасауды қажет етеді. Орындаушылар қайталанбас «пуччинилік» стильді шыңдай отырып, әр нюанс бойынша ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізіп, тап-таза дыбыстауға қол жеткізді. "Барлық дайындықтарды аспаптардың жаңадан орналасуын ескеріп, бүкіл орындаушылар арасында бір жарым метрлік қашықтықты сақтай отырып жүргіздік. Хор әртістері иық тіресіп тұруға үйреніп қалған, бұлайша олар аса сезімталдықпен бір-бірін түсініп, тыңдайды, дауыстары бір арнаға тоғысады. Әлбетте, басқаша орналасу дыбысталуға әсер етеді, алайда ұжым мұны да еңсере білді. Қуанышқа қарай, маусымның ашылуына арналған гала-концертті айтпағанда, сахнаға шықпаған жарты жыл ішінде әртістер өз формасын жоғалтпаған, керісінше, музыканы, сахнаны, операларды сағынып қалыпты. Барлығы шабыттана жұмыс істеп жатқандығы қуантады, айтарлықтай үзіліс музыканттар мен вокалистерді дайындау кезінде байқалмай да қалды. Жоғары деңгейде өнер көрсетеміз деген ойдамын, себебі ұжымымызға тән дауыстың тыныққан лебі, жарқындық, жинақылық бар екенін сеземін", - деп атап өтті Е.Дәуітов. Еске салар болсақ, 2018 жылдың желтоқсан айында «Астана Опера» хоры осы шығармамен Ресейдің үш танымал консерваторияларының бірі орналасқан және көптеген танымал музыкалық ұжымдар жұмыс істейтін Сібірдің ірі мәдени орталығы Новосібірде өнер көрсетті. Новосібір мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында Дж.Пуччинидің Messa di Gloria шығармасы да алғаш рет шырқалды. Классикалық музыкадан хабары бар қаланың талғампаз көрермендері қазақстандық әртістердің орындауын үлкен қошеметпен қабыл алды. Сонымен қатар елордалық ұжым ресейлік көрермендерге қазақ хор өнерінің атақты туындыларын паш етті. "Музыка күні қарсаңында қымбатты тыңдармандарымызға мықты денсаулық тілей отырып, өздеріне және жақындарына жанашыр, бір-біріне қамқор болуын, әсіресе, осындай қиын жағдайда науқастанып қалуы ықтимал қарияларымыздың саулығына баса назар аударуларын сұраймыз. Музыка арқылы адам рухын асқақтатып, барша жанды жақындастыра алатынымызға үміттенеміз", - деп қорытындылады маэстро Е.Дәуітов. Басталуы сағат 19.00-де.