Мұғалімдер күні қарсаңында еліміздің үздік педагогтері анықталады
«Үздік педагог» атағының иегерлерін анықтайтын Конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, «Kazakhstan Parents Union» қоғамдық қорының төрайымы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының «Әлем мұғалімі – Қазақстанда» жобасының үйлестірушісі, «ADAL BILIM» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. «Мұғалімдер күні қарсаңында конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады», – деп хабарлады вице-министр Шолпан Каринова. 9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.
-->«Үздік педагог» атағының иегерлерін анықтайтын Конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, «Kazakhstan Parents Union» қоғамдық қорының төрайымы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының «Әлем мұғалімі – Қазақстанда» жобасының үйлестірушісі, «ADAL BILIM» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. «Мұғалімдер күні қарсаңында конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады», – деп хабарлады вице-министр Шолпан Каринова. 9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.