Елорда жаңалықтары

Сақтандырылған науқастар медициналық сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметтерін ала алады – Төкежанов

«Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер медициналық сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметтерін ала алады. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы Әділет министрлігінде тіркелген. Бұйрық бекітілгеннен кейін коронавирус инфекциясы мен орташа ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежелі пневмониямен ауырған науқастар медициналық оңалтуға жатады. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитологтың қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі. Көрсеткіштерді бағалаудың негізгі критерийлері: тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілік (Бартел индексі). Өте ауыр және ауыр дәрежедегі КВИ немесе пневмониямен ауырған пациенттер тәулік бойы стационар деңгейінде 2 кезеңдегі оңалтуға жатады, кейіннен 3 кезеңге ауыстырылады. Орташа ауыр КВИ/пневмонияға шалдыққан пациенттер тәуліктік стационар деңгейінде, оның ішінде санаторий-курорттық жағдайда, күндізгі стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде 3 кезеңдегі оңалтуға жатады. Сондай-ақ, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтарға 3 кезеңді оңалту қарастырылған. Әрине, олар да мультидисциплинарлық команданың тексеруінен өтуі керек», – деді ол. --> «Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер медициналық сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметтерін ала алады. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы Әділет министрлігінде тіркелген. Бұйрық бекітілгеннен кейін коронавирус инфекциясы мен орташа ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежелі пневмониямен ауырған науқастар медициналық оңалтуға жатады. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитологтың қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі. Көрсеткіштерді бағалаудың негізгі критерийлері: тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілік (Бартел индексі). Өте ауыр және ауыр дәрежедегі КВИ немесе пневмониямен ауырған пациенттер тәулік бойы стационар деңгейінде 2 кезеңдегі оңалтуға жатады, кейіннен 3 кезеңге ауыстырылады. Орташа ауыр КВИ/пневмонияға шалдыққан пациенттер тәуліктік стационар деңгейінде, оның ішінде санаторий-курорттық жағдайда, күндізгі стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде 3 кезеңдегі оңалтуға жатады. Сондай-ақ, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтарға 3 кезеңді оңалту қарастырылған. Әрине, олар да мультидисциплинарлық команданың тексеруінен өтуі керек», – деді ол.