Ұғар құлақ болса айтылмай қалған сөз жоқ – Тілектес Мейрамов
Актер, театр педагогы, профессор, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мақаласына өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Ұғар құлақ болса айтылмай қалған сөз жоқ» деп Мұхаңның (Мұхтар Әуезовтың) бір кейіпкері айтқандай, Елбасының Үндеуі талайдың көкейінде жүрген небір сұраққа толық жауап беріп, анау-мынау күдік атаулыны да сейілткендей әсер қалдырды. Осыдан бұрынғы 20 наурыздағы Үндеуінің де негізгі ойы халықты сабырға, бірлікке, тәртіпке шақыру болатын. Расында, алдын алу шаралары уақтылы қолға алынғанның арқасында осы аурудың таралу мүмкіндігі 52 пайыздан 12 пайызға дейін төмендегенін біліп отырмыз. Осының өзі үлкен жетістік емес пе... Әрине, мүлде келмегені тіпті жақсы болар еді, бірақ ол енді қиял ғана. Сол қаза тапқан алты отандасымыз үшін бәріміздің қабырғамыз қайысады. Себебі бірге тумаса да бәрі – біздің бауырымыз, қаны бір туысымыз", – деді Қазақстанның халық әртісі. Сонымен қатар театр педагогы қазіргі карантин кезіндегі тәртіпті одан әрі күшейту керектігі жөнінде де өз ойын жеткізді. "Турасын айтсақ, білім-ғылымы, техникасы мен технологиясы, экономикасы бізден әлдеқайда озық мемлекеттердің өзіне осы вирус қаншама қасірет әкелгені, қанша адамның көз жұмғаны да мәлім. Тіпті, бүгінде індет жұқтырған 1,4 миллион адамның үштен бірі ең алпауыт мемлекет АҚШ-тың үлесінде екенін ескерсек, біздің жағдайымыз Құдайға шүкірлік етерлік. Қауіпке күле қарап, менсінбеген Ұлыбритания премьер-министрінің өзі госпитальдан бірақ шықты. Сол Британияның патшайымы Елизавета ІІ қазіргі ахуалды ІІ-Дүниежүзілік соғыстың жағдайына теңеуі де бекер емес. Осы орайда карантин ережесін көпе-көрнеу бұзып, оған немқұрайлы қарап, тәртіпке бағынбайтындарға қолданатын жазаның жұмсақ екенін, сондықтан оны қатайту керек екенін баса айтар едім. Сол карантин тәртібін өрескел бұзып пайда тауып жатқан саунаның, не түнгі клубтың иесіне 26 500 теңге бұйым боп па? Бұл – олардың бір-ақ сағатта табатын ақшасы. Содан соң «ғашығын көрмекке құштар» боп бекеттен өтпек болған бұзақының 15 тәулікке түскенін «махаббаттың құрбанына» балап, «ерлік» санайтын есерге жай сөз өтпейді, оған тек таяқ керек. Біраз шет елдегідей 1000-1500 еуро көлемінде айыппұл салып яки Үндістандағыдай көшеде дүрелесе, біраз адам ойланар еді", – деді профессор. Сондай-ақ ол осындай кезде жанжал шығаруға дайын тұратын тұрғындарды тыныштық сақтауға шақырды. "Осы шаралар күшіне енген күннің ертеңінде-ақ «ойбай аш қалдық, бала-шағамызды асырай алмай қалдық» деп айғайға басып, жанжал қосқан отандастырымызды да абай болуға шақырар едім. Біздің Үкіметіміз қолдан келген шараның бәрін жасап жатыр, осындайда сәл-пәл шыдамдылық танытып, сабыр сақтасақ болмас па... Тіпті сол сөздер рас болғанның өзінде «көппен көрген ұлы той», қиын-қыстау кезеңде бір дәнді бөліп жеген ел емеспіз бе, сабыр сақтайық, ағайын. Осыны Елбасымыз да, Президентіміз де, күн құрғатпай айтып жатыр. Тек «ұғар құлақ» болсын. Бірлігі мықты дана қазақ бұл сыннан да өтер, бүгін-ертең індеттің де беті қайтар. Ең қиыны осы кеселдің салдары. Оны да Нұрсұлтан Әбішұлы қадап айтты. Міне, сол алда тұрған қиын кезеңде бір болайық, сабырлы болайық, ауыр сыннан абыроймен өтейік", – деп түйіндеді сөзін Тілектес Мейрамов.
-->Актер, театр педагогы, профессор, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мақаласына өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Ұғар құлақ болса айтылмай қалған сөз жоқ» деп Мұхаңның (Мұхтар Әуезовтың) бір кейіпкері айтқандай, Елбасының Үндеуі талайдың көкейінде жүрген небір сұраққа толық жауап беріп, анау-мынау күдік атаулыны да сейілткендей әсер қалдырды. Осыдан бұрынғы 20 наурыздағы Үндеуінің де негізгі ойы халықты сабырға, бірлікке, тәртіпке шақыру болатын. Расында, алдын алу шаралары уақтылы қолға алынғанның арқасында осы аурудың таралу мүмкіндігі 52 пайыздан 12 пайызға дейін төмендегенін біліп отырмыз. Осының өзі үлкен жетістік емес пе... Әрине, мүлде келмегені тіпті жақсы болар еді, бірақ ол енді қиял ғана. Сол қаза тапқан алты отандасымыз үшін бәріміздің қабырғамыз қайысады. Себебі бірге тумаса да бәрі – біздің бауырымыз, қаны бір туысымыз", – деді Қазақстанның халық әртісі. Сонымен қатар театр педагогы қазіргі карантин кезіндегі тәртіпті одан әрі күшейту керектігі жөнінде де өз ойын жеткізді. "Турасын айтсақ, білім-ғылымы, техникасы мен технологиясы, экономикасы бізден әлдеқайда озық мемлекеттердің өзіне осы вирус қаншама қасірет әкелгені, қанша адамның көз жұмғаны да мәлім. Тіпті, бүгінде індет жұқтырған 1,4 миллион адамның үштен бірі ең алпауыт мемлекет АҚШ-тың үлесінде екенін ескерсек, біздің жағдайымыз Құдайға шүкірлік етерлік. Қауіпке күле қарап, менсінбеген Ұлыбритания премьер-министрінің өзі госпитальдан бірақ шықты. Сол Британияның патшайымы Елизавета ІІ қазіргі ахуалды ІІ-Дүниежүзілік соғыстың жағдайына теңеуі де бекер емес. Осы орайда карантин ережесін көпе-көрнеу бұзып, оған немқұрайлы қарап, тәртіпке бағынбайтындарға қолданатын жазаның жұмсақ екенін, сондықтан оны қатайту керек екенін баса айтар едім. Сол карантин тәртібін өрескел бұзып пайда тауып жатқан саунаның, не түнгі клубтың иесіне 26 500 теңге бұйым боп па? Бұл – олардың бір-ақ сағатта табатын ақшасы. Содан соң «ғашығын көрмекке құштар» боп бекеттен өтпек болған бұзақының 15 тәулікке түскенін «махаббаттың құрбанына» балап, «ерлік» санайтын есерге жай сөз өтпейді, оған тек таяқ керек. Біраз шет елдегідей 1000-1500 еуро көлемінде айыппұл салып яки Үндістандағыдай көшеде дүрелесе, біраз адам ойланар еді", – деді профессор. Сондай-ақ ол осындай кезде жанжал шығаруға дайын тұратын тұрғындарды тыныштық сақтауға шақырды. "Осы шаралар күшіне енген күннің ертеңінде-ақ «ойбай аш қалдық, бала-шағамызды асырай алмай қалдық» деп айғайға басып, жанжал қосқан отандастырымызды да абай болуға шақырар едім. Біздің Үкіметіміз қолдан келген шараның бәрін жасап жатыр, осындайда сәл-пәл шыдамдылық танытып, сабыр сақтасақ болмас па... Тіпті сол сөздер рас болғанның өзінде «көппен көрген ұлы той», қиын-қыстау кезеңде бір дәнді бөліп жеген ел емеспіз бе, сабыр сақтайық, ағайын. Осыны Елбасымыз да, Президентіміз де, күн құрғатпай айтып жатыр. Тек «ұғар құлақ» болсын. Бірлігі мықты дана қазақ бұл сыннан да өтер, бүгін-ертең індеттің де беті қайтар. Ең қиыны осы кеселдің салдары. Оны да Нұрсұлтан Әбішұлы қадап айтты. Міне, сол алда тұрған қиын кезеңде бір болайық, сабырлы болайық, ауыр сыннан абыроймен өтейік", – деп түйіндеді сөзін Тілектес Мейрамов.