Назарбаев Университетінің ғалымдары қазақ тілі мен сөзін автоматты түрде тану технологиясын әзірледі
Жобаны жүзеге асыру үшін ғалымдар қазақ тіліндегі ең үлкен дауыстық деректер жиынтығын – 2000-нан астам адамның 300 сағаттық жазбасын жинады.
Бұл зерттемені қолдану қазақ тілі мен сөзін виртуалды көмекшілер арқылы тану, түрлі бағдарламаларда және "ақылды үй" технологияларында қолдану секілді жаңа мүмкіндіктер туындатады.
Сонымен қатар, бұл жоба Қазақстанда инклюзияның дамуына үлкен серпін береді. Жаңа технологияны ерекше қажеттіліктері бар адамдар кеңінен қолданатын дауыстық және мәтіндік бағдарламаларда пайдалануға болады.
“Бұрын үлкен деректер жиынтығының жеткілікті болмауы қазақ тілін цифрлық әлемде шектейтін, сондықтан біз осы жобаны жүзеге асырдық. Енді біз экономика мен қоғам дамуына пайдалы болсын деген ниетпен қазақ тіліндегі дауыстық деректер жиынтығын ашық бастапқы кодымен бірге барлық зерттеушілер және кәсіпкерлермен бөлісуге дайынбыз” – деді ISSAI NU директоры, профессор Атакан Варол.
Жобаның іске қосылуы Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының құрылғанына бір жыл толуына орайластырылды - 14 қыркүйекте ISSAI өзінің алғашқы туған күнін атап өтті.
Мына сілтеме арқылы қазақ тіліндегі дауыстық деректер жиынтығына қол жеткізуге, сондай-ақ қазақ тілін автоматты түрде тану жүйесін тексеруге болады.
-->Жобаны жүзеге асыру үшін ғалымдар қазақ тіліндегі ең үлкен дауыстық деректер жиынтығын – 2000-нан астам адамның 300 сағаттық жазбасын жинады.