Елорданың жедел жәрдем қызметі мен полициясы жаңа көліктермен толықты
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдында жедел жәрдем қызметі мен полицейлерге берілген көліктер таныстырылды. Қалалық полицейлер 65 жаңа көлікпен толықса, ақхалатты мамандардың игілігіне 14 машина берілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Жиынға қатысқан қала әкімі Алтай Көлгінов жаңа жедел жәрдем көліктерінің ерекшелігімен танысты. Биыл коронавирус індетімен күресте ӨЖЖ аппараттары аса тапшы болғаны белгілі. Енді олар жедел жәрдем көліктерінің әрқайсысында болады.
«Коронавирус індеті өршіп тұрған шақта сіздер алдыңғы шепте жүріп, аянбай еңбек еттіңіздер. Қазір жағдай реттелді. Дегенмен босаңсуға болмайды. Алдымызда әлі күзгі ЖРВИ маусымы бар. Уақытылы қызмет көрсетілсе, бәрі тиімді болады. Біз үшін тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі аса маңызды. Мына жаңа көліктер жұмыстарыңызға өте ыңғайлы болады деп есептейміз. Жылдың соңына дейін тағы 35 көлік алынады, сонда бір жыл ішінде жедел жәрдем қызметіне 100 машина беріледі. Яғни, толықтай жаңартып шықтық. Басты мақсатымыз — сіздерге қолайлы жағдай жасау. Ішінде реанимобиль, ӨЖЖ аппараты, оттегі баллондары, шұғыл қобдиша секілді маңызды аппараттары бар», — деді Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, осы жылдың басында қала әкімдігінің бастамасымен жедел жәрдем қызметіне 52 көлік берілген болатын.
Қала басшысы сөз арасында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған шақта бәрі жан-жақты қарастырылғанын айта келе, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және Денсаулық сақтау министрлігімен ақылдасып, тиісті техникалар осыған сай орнатылғанын қозғап өтті.
«Медицина мамандарын даярлау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бізге жаңадан 500 маман қосылды. Олар — медициналық университеттер мен колледждердің түлектері. Сол сияқты резидентурада оқып жатқан жастардың оқу ақысын төлеу үшін 1 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді», — деді қала әкімі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Осыдан кейін Алтай Сейдірұлы тәртіп сақшыларына берілген көліктердің жай-күйімен танысып шықты.
«Полицейдің қоғам үшін маңызы зор. Жұрт мереке күндері тойлап жүргенде қала өмірінің тыныштығы үшін полиция екі есе көп жұмыс істейді. Әр адамға бір полицейді белгілеу мүмкін емес. Сол себепті қазір «Қауіпсіз қала» жүйесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жүйе бойынша әр аулада интеллектуалды камералар орнатылады. Әсіресе жаңадан аббаттандырылған, көпшілік жүретін орындарға, балалар ойнайтын алаңқайларға орнату өте маңызды. Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында. Осыған дейін көп қабатыт үйлердің кіреберісіне орнатылып, пәтер тонау қылмысының бетін ашуға септігін тигізді. Ал бұл жұмысты тәртіп сақшыларымен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз», — деді А.Көлгінов.