Нидерландтық футболшы жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты
«Қайсардың» нидерландтық жартылай қорғаушысы Элвин Фортес жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Фортес Instagram желісіндегі «Сторизде» қазақша және ағылшынша жазба жариялады. «Біз көп нәрсеге лайық болдық, мені қолдайтын жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді», - деп жазды футболшы. Еске салайық, кеше «Қайсар» ҚПЛ-дың 9-турында «Ордабасымен» тең түскен еді - 1:1. Элвин Фортес бұл матчта наурыздан бері алғаш рет алаңға шыққан.
-->«Қайсардың» нидерландтық жартылай қорғаушысы Элвин Фортес жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Фортес Instagram желісіндегі «Сторизде» қазақша және ағылшынша жазба жариялады. «Біз көп нәрсеге лайық болдық, мені қолдайтын жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді», - деп жазды футболшы. Еске салайық, кеше «Қайсар» ҚПЛ-дың 9-турында «Ордабасымен» тең түскен еді - 1:1. Элвин Фортес бұл матчта наурыздан бері алғаш рет алаңға шыққан.