Елордаға Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан 540 тонна өнім әкелінді
“Хан шатыр” СОСО жанындағы алаңда Ақтөбе және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Жәрмеңкеге «Айс», «Агрофирма Тау» ЖШС, «Степное» ЖШС, «Рокос» «Изет ГринХаус», «Гринхаус Казахстан», «Мир круп», «Жанажол», «Сырмаржаны», «АгроХолдинг Байконур», «Наймир», «Байконыр» ӘКК сынды қос өңірдің 90 өндірушісі 540 тонна ет, сүт, жеміс-жидек, көкеніс өнімдерін әкелді. Соның ішінде 146 тонна күріш, 129 тонна картоп және көкөністер, 62 тонна ет, 30 тонна балық және балық өнімдері, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 30 тонна басқа да өнімдер бар.
“Сыр өңірінен 70 өнім өндіруші тауарларын елордаға алып келді. Оның ішінде айдынды Аралдың сазан, шортан сияқты балықтары, Шиелінің қауын-қарбыздары, Қазалының кәмпиті және басқа да өнімдер бар. Ортада ешқандай алып-сатарлар жоқ. Барлығы егістіктен сөреге дейінгі экологиялық таза өнімдер. Тауарларды тасымалдау кезінде барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталды. Сонымен қатар қызылордалық диқандар Нұр-Сұлтандағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық шара ұйымдастыруда”, - деді Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.
Жалпы, жәрмеңкедегі ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы қаладағы орташа нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен. Мысалы, елордадағы азық-түлік дүкендерінде қарбыздың бағасы 150-170 теңге болса, жәрмеңкедегі Шиелінің қарбыздары 100 теңгеден саудалануда.
“Биылғы жәрмеңкелерге бүгін бірінші рет келіп тұрмын. Ет, қызанақ және басқа да жеміс-жидек, көкеніс сатып алдық. Аралдың шұбатын күнделікті ешқай жерден таппайсыз. Қолдың құрт-майы - бәрі ұнап жатыр. Енді жиі келіп тұрамыз”, - деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Асқар Амангелдіұлы.
Айта кетсек, елордадағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін келесі сенбі-жексенбі күндері ШҚО мен Ақмола облысының өнім өндірушілері жалғастырады.