Елорда жаңалықтары

Qoldau-24/7: Мобильді қосымша не үшін және қалай жұмыс істейді

Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы медициналық қызмет алу жөнінде азаматтардан күн сайын 1 800-ден аса өтініш келіп түседі. Ол қалай жұмыс істейді және қандай функцияларды атқарады? Бұл туралы Елорда Инфо тілшісіне Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалының баспасөз хатшысы айтып берді. Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын жүктеу арқылы өтініш, алғыс немесе ұсыныс айтуға болады. Сол сияқты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету жөнінде кеңес алуға болады. Бүгінде қосымшаны 117 мыңнан аса қолданушы жүктеген. Олардың 50 пайызына медициналық сақтандыру қорына түскен өтініштің 50 пайызы жіберіледі. Бұл өз кезегінде 1406 контакт-орталықтың жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Күн сайын Qoldau-24/7-ге азаматтардан 1 800-ден аса өтініш түседі. Олардың арасында сақтандыру мәртебесі, МӘМС төлемінің мөлшері, медициналық ұйымға тіркелу сияқты тұрғыдағы сұрақтар жиі кездеседі. «Qoldau-24/7 арқылы өтініштерге үнемі мониторинг жүргізіліп, азаматтардың өтініші 1-ден 5 күнге дейінгі аралықта қаралады. Тұрғындардың ақпараттандырылуы үшін қосымшадағы МӘМС жөніндегі сұрақтардың функциялары кеңейтілді. «Сақтандырудың мәртебесі» бөлімінде төлем жасау жөніндегі ақпарат толықтырылды. Қор сайтындағы жиі қойылатын ТОП 10 сұрақ бойынша МӘМС гиді жүзеге асырылды», – деді ӘМСҚ мамандары. Qoldau-24/7 мобильді қосымшасының көмегімен қазіргі уақытта жеңілдігі бар санаттағыларға (БЖТ төлем жасау себебі бойынша жеңілдігі бар санаттылардан) және карантин кезінде МӘМС төлемін аударудан босатылған шағын және орта бизнес ұйымдарының өкілдеріне уақытша сақтандырылған мәртебесін беру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте карантин кезінде сақтанырылған мәртебесі 3 321 шағын және орта бизнес жұмыскерлеріне берілген. Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, қолданушылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі жаңалықтардан хабардар юолып отырады. Қосымшаны Play Market және App Store арқылы жүктеп, орнатуға болады.

-->