Алтын ұрлаумен және контрабандамен айналысқан бірнеше қылмыстық топ мүшелері қолға түсті
ІІМ қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесе бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. ҰҚТ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлаудың қалыптасқан схемасын қолданған. Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған. Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
-->ІІМ қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесе бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. ҰҚТ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлаудың қалыптасқан схемасын қолданған. Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған. Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.