«Nur Otan» партиясы астаналық филиалына келіп түскен өтініштердің 80%-ы оң шешімін тапты
Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясы астаналық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне келіп түскен өтініштердің 80% - ы оң шешімін тапты. 6 мыңға жуық адам партияға жазбаша түрде, egov.kz сайты арқылы, WatsАpp мессенджері, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, сондай-ақ онлайн өтініштер арқылы жүгінді. Бұл туралы Елорда Инфо Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды. «Қарастырылған мәселелер қатарына «BizBirgemiz» акциясы аясында азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық көмек көрсету, балалар киімі мен аяқ киімдері түріндегі көмектер, жеке балабақшаларда орындар бөліп беру, көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған тегін үйірмелер, БОҰО-дағы БЦП диагнозы бар балаларға оңалту квотасын алу, дәрі-дәрмектер мен мүгедектер арбаларының берілуі, жалақы бойынша қарыздарын төлеу және тағы басқаларын айта аламыз», деп жазды Е.Каналимов.
-->Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясы астаналық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне келіп түскен өтініштердің 80% - ы оң шешімін тапты. 6 мыңға жуық адам партияға жазбаша түрде, egov.kz сайты арқылы, WatsАpp мессенджері, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, сондай-ақ онлайн өтініштер арқылы жүгінді. Бұл туралы Елорда Инфо Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды. «Қарастырылған мәселелер қатарына «BizBirgemiz» акциясы аясында азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық көмек көрсету, балалар киімі мен аяқ киімдері түріндегі көмектер, жеке балабақшаларда орындар бөліп беру, көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған тегін үйірмелер, БОҰО-дағы БЦП диагнозы бар балаларға оңалту квотасын алу, дәрі-дәрмектер мен мүгедектер арбаларының берілуі, жалақы бойынша қарыздарын төлеу және тағы басқаларын айта аламыз», деп жазды Е.Каналимов.