Елорда жаңалықтары

Елбасы бірлігіміз жарасса, алынбайтын қамал жоқ екенін еске салды - профессор

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Задаш Дүкенбаева Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұны барша қазақстандықтар үшін осындай дүрбелең кезеңде елдігімізді сақтауда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылайық деген көрегенділіктің үлгісін көрсеткен бағамды мақала деп түсінуіміз керек. Бүгінгі таңда Елбасы халыққа әлемді «шарлап» кеткен коронавирус дертінің қатерлі екенін, ол Қазақстанға ғана емес, бүкіл дүниежүзіне қауіп төндіріп отырғанын баса айтып, бірге болайық, бірлігіміз жарасса, алынбайтын қамал жоқ, жұмыла көтерген жүк жеңіл болатынын жеткізді», - деді Дүкенбаева. Оның айтуынша, Тұңғыш президент осындай індет пен қиыншылықты жеңу үшін тиісті қордың, мемлекет қауқарының, қаржылық мүмкіндіктің бар екенін атап өтті. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап-ақ білікті мамандар даярлау және білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне де баса назар аударды. Білім - ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры болса, бүгінгі індетті еңсеруде мемлекет пен Үкімет қолға алған шараларда баға жетпес үлкен, рухани қару екенін де баса айтты. «Ойымның соңында бұл мақала халқымызды сабырға шақыратын, елдігімізді сақтауда бас қосу керектігін баса айтқан, ұнжырғамызды түсірмей, еңсемізді көтеріп, қазақтың басынан өтетін бұл да бір кезең екенін айтқан салиқалы еңбек дегім келеді», - деп түйіндеді Задаш Дүкенбаева.

-->