Мексикада Димаш пен жанкүйерлеріне арналған радиобағдарлама ашылды
Мексикада Димаш пен жанкүйерлеріне арналған радиобағдарлама ашылды6 деп хабарлайды Елорда Инфо dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. Радиобағдарлама «Despierta Dear» деп аталады. Яғни, жанкүйерлер серпіл немес оян деген мағына білдіреді. Онлайн радиожелідегі хабар Мексиканың Монтеррей қаласына тарайды. Бағдарлама Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның Dear-ларына арналған. Жүргізушісі – Анхель Таварес. Өткен жылы Анхельге досы Димаштың шығармашылығы туралы айтып, жақын таныстырыпты. Радио жүргізуші қазақстандық орындаушыны алғаш естігенде, оның вокалдық шеберлігіне таңдай қаққан. Ол туралы іздене бастайды. Алайда испан тілінде Димаш Құдайберген туралы ақпарат аз, жанкүйерлер көп. Сондықтан Латын Америкасында Димаштың шығармашылығын таныту үшін Анхель Тавареске бірден радиобағдарлама ашу идеясы келеді. Бұл кезде Анхель мексикалық «Actitud FM» радиостанциясында еңбек етіп жүрген. Өзінің басшысы Дон Хесус Овьедоға қазақстандық өнерпаздың шығармашылығы туралы айтып, ол туралы бағдарлама ашу ойын жеткізеді. Дон бұл идеяны құптағанымен күмәнмен қарайды. Бірақ Таварес өз ойын жүзеге асырып, 2019 жылдың 14 тамызында Димашқа арнаған алғашқы бағдарламасын эфирге шығарды. Оны «Оян, Dear» деп атады. Радиохабар дүйсенбі мен жұма аралығында жергілікті уақытпен таңғы 6.00-де эфирге шығады. Тыңдармандар аудиториясы әртүрлі. Онлайн желі арқылы бұл бағдарламаны түрлі елдің өкілі тыңдайды. Мәселен: Перу, Эквадор, Коста-Рика, Пуэрто-Рико, Доминикана Республикасы, Чили, Уругвай, Парагвай, Испания, Аргентина, Бразилия, Мексика, Италия, Германия және АҚШ. «Оян, Dear» радиобағдарламасында Димаштың әндері орындалады. Сондай-ақ Анхель оның концерті, алдағы жоспарлары туралы ақпараттармен бөліседі. Димашқа қатысты әлемде болып жатқан жаңалықтарды жеткізіп, жанкүйерлерді түрлі шараларға белсенді атсалысуға шақырады. Бағдарлама – испан тілінде жүргізіледі. Соңғы уақытта Анхель қазақ орындаушысының әр елдегі жанкүйерлерімен сұхбаттасу үшін ағылшын тілін де меңгеріп алыпты.
-->Мексикада Димаш пен жанкүйерлеріне арналған радиобағдарлама ашылды6 деп хабарлайды Елорда Инфо dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. Радиобағдарлама «Despierta Dear» деп аталады. Яғни, жанкүйерлер серпіл немес оян деген мағына білдіреді. Онлайн радиожелідегі хабар Мексиканың Монтеррей қаласына тарайды. Бағдарлама Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның Dear-ларына арналған. Жүргізушісі – Анхель Таварес. Өткен жылы Анхельге досы Димаштың шығармашылығы туралы айтып, жақын таныстырыпты. Радио жүргізуші қазақстандық орындаушыны алғаш естігенде, оның вокалдық шеберлігіне таңдай қаққан. Ол туралы іздене бастайды. Алайда испан тілінде Димаш Құдайберген туралы ақпарат аз, жанкүйерлер көп. Сондықтан Латын Америкасында Димаштың шығармашылығын таныту үшін Анхель Тавареске бірден радиобағдарлама ашу идеясы келеді. Бұл кезде Анхель мексикалық «Actitud FM» радиостанциясында еңбек етіп жүрген. Өзінің басшысы Дон Хесус Овьедоға қазақстандық өнерпаздың шығармашылығы туралы айтып, ол туралы бағдарлама ашу ойын жеткізеді. Дон бұл идеяны құптағанымен күмәнмен қарайды. Бірақ Таварес өз ойын жүзеге асырып, 2019 жылдың 14 тамызында Димашқа арнаған алғашқы бағдарламасын эфирге шығарды. Оны «Оян, Dear» деп атады. Радиохабар дүйсенбі мен жұма аралығында жергілікті уақытпен таңғы 6.00-де эфирге шығады. Тыңдармандар аудиториясы әртүрлі. Онлайн желі арқылы бұл бағдарламаны түрлі елдің өкілі тыңдайды. Мәселен: Перу, Эквадор, Коста-Рика, Пуэрто-Рико, Доминикана Республикасы, Чили, Уругвай, Парагвай, Испания, Аргентина, Бразилия, Мексика, Италия, Германия және АҚШ. «Оян, Dear» радиобағдарламасында Димаштың әндері орындалады. Сондай-ақ Анхель оның концерті, алдағы жоспарлары туралы ақпараттармен бөліседі. Димашқа қатысты әлемде болып жатқан жаңалықтарды жеткізіп, жанкүйерлерді түрлі шараларға белсенді атсалысуға шақырады. Бағдарлама – испан тілінде жүргізіледі. Соңғы уақытта Анхель қазақ орындаушысының әр елдегі жанкүйерлерімен сұхбаттасу үшін ағылшын тілін де меңгеріп алыпты.