Елорда жаңалықтары

«Адалдық алаңы» жобасын жетілдіруге арналған онлайн семинар өтті

Семинар жұмысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «ADALDYQ ALANY» республикалық жобалық кеңсесінің, Білім және ғылым министрлігінің «Адал Білім» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты әділет органдарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесін іс жүзінде іске асыру болды. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қызмет етудің сервистік моделіне көшу арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар берді, азаматтық қоғамды тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ министрліктің аумақтық департаменттері жанынан жобалық кеңселер ашу қажеттілігі айтылды. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында азаматтық қоғаммен белсенді өзара іс-қимыл жасау қажеттілігін айтқан болатын.

-->