Елорда жаңалықтары

Теннистен ашық іріктеу турниріне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Теннистен 2020 жылдың 28 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында Нұр-Cұлтан қаласында өтетін іріктеу турниріне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Турнирге жас шамасына қарай үздік отыздыққа енген (қазіргі уақытта ҰТО-да шұғылданбайтын ойыншылар үшін), 12-16 жастағы (2004-2008 т.ж.) ұлдар мен қыздар қатыса алады. ⠀ Шарттарға сәйкес турнир екі кезеңнан тұрады: топтық кезең және соңғы PLAY-OFF кезеңі. Топтық кезең дөңгелек жүйе бойынша өткізіледі. Сондай-ақ, оның матчтары екі сеттің 6 ойынынан тұрады, 6:6 есебімен - 7 ұпайға дейін тай-брейк ойнатылады. Шешуші сет тай-брейк 10 ұпайға дейін болады. PLAY-OFF кезеңіндегі матчтар 6 ойынға дейінгі үш сеттан тұрады. Есеп 6:6 болғанда - тай-брейк ойнатылады. ⠀ Турнир жеңімпаздарына Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында жаттығуға мүмкіндік беріледі. ⠀ Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау және теннисшілердің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында турнир көрермендердің қатысуынсыз, бірақ теннис федерациясының корпоративтік сайтында тікелей эфирде өтеді www.ktf.kz. ⠀ Турнир ережесі және қатысуға өтінім www.ktf.kz Федерация сайтында орналастырылған. ⠀ 27 қыркүйек (жексенбі) – тіркеу, ⠀ 28 қыркүйек - 4 қазан - негізгі турнир.

-->