Елорда әкімі Мырзатай Жолдасбековпен кездесті
"Тәуелсіздігіміз бен елордамыздың қалыптасу кезеңдеріне елеулі еңбегі сіңген Мырзатай ағамыз ұлтымыздың рухани кемелденуіне әлі де үлес қосып келеді. Түркі халықтарының көне дәуірдегі бірнеше ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткішін терең тануға, көшірмесін елорда төріндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнде орнатылуына атсалысты. Осы оқиғаға 20 жылға жуық уақыт өтсе де Мырзатай ағамыз әлі де тынбай еңбектеніп жүр. Бүгінгі келелі кездесуде де бірқатар идея, ұсынысымен бөлісті. Оның бірі – «Тәуелсіздік» стелласы болса, екіншісі – «Күлтегін» тарихи-мәдени ұлттық орталығын құру туралы ойы. Бұл құнды ұсыныстарды алдағы жұмыс жоспарларымызды саралап, ескереміз. Тарихымызды тереңдете түсетін Күлтегін заманынан сыр шертіп, ұлтымызға тән бірлік пен береке сол ықылым замандардан бастау алғанын тілге тиек етті", - деп жазды А.Көлгінов.
Мырзатай Жолдасбекұлы мемлекеттік сыйлыққа қатысып жатқан «Ұлы дала әдебиеті» еңбегі мен ол кісі туралы замандас зиялы қауым өкілдерінің пікірлері жинақталған кітапты тарту етті.
[caption id="attachment_36574" align="alignnone" width="960"] Фото: А.Көлгіновтің Facebook парақшасынан[/caption]