ҚХА 25 жылдығы аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр
Конференцияға Мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ресей және Қырғызстан сынды бірқатар ТМД елдерінің Ассамблея өкілдері, Қазақстандағы бірқатар мемлекеттің елшілері, халықаралық және республикалық түрлі ұйымдар өкілдері мен қоғам белсенділері, шетелдердегі қазақстандықтар, ҚР ҚХА елордалық хатшылығының өкілдері қатысуда. Шара онлайн форматта өтуде. «Бүгінде Қазақстан мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен тұтастығын сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан іргелі елге айналып отыр. Елімізде ұлтаралық алауыздық жоқ. Қазақстан – көпұлтты бір тудың астына біріктірген ел. Татулық пен келісім басты орында. Қазақстан Конституциясы – ел тұрғындарының құқықтары мен бостандығының кепілі. Этникааралық жанжалға жол берілмейді»,– деді ҚХА төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаев.
-->Конференцияға Мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ресей және Қырғызстан сынды бірқатар ТМД елдерінің Ассамблея өкілдері, Қазақстандағы бірқатар мемлекеттің елшілері, халықаралық және республикалық түрлі ұйымдар өкілдері мен қоғам белсенділері, шетелдердегі қазақстандықтар, ҚР ҚХА елордалық хатшылығының өкілдері қатысуда. Шара онлайн форматта өтуде. «Бүгінде Қазақстан мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен тұтастығын сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан іргелі елге айналып отыр. Елімізде ұлтаралық алауыздық жоқ. Қазақстан – көпұлтты бір тудың астына біріктірген ел. Татулық пен келісім басты орында. Қазақстан Конституциясы – ел тұрғындарының құқықтары мен бостандығының кепілі. Этникааралық жанжалға жол берілмейді»,– деді ҚХА төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаев.