Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда ерекше балаларды оңалту орталықтарының саны артты

[caption id="attachment_36009" align="alignnone" width="696"] фото astana.gov.kz[/caption] Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн-қабылдады. Бірқатар мәселелер көтерілді: ұзақ құрылысты аяқтау, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін жағдай жасау және т.б. Аталған мәселелер мен ұсыныстар ескерілді, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Солнечный мир" қоғамдық қорының өкілі Ч.Евгения қала әкіміне ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін жағдай жасау және ұйымдастыру жұмыстарына көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі артты: түрлі ауытқулары бар тәрбиеленушілерге арналған 45 түзету тобы жұмыс істейді, он балабақшада алғаш рет аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған арнайы топтар құрылды, балабақшалар мен шағын орталықтарда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және т. б. ашылады. Тұңғыш Президент-Елбасы қорының бастамасымен мектептер базасында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Биылғы жазда екі оңалту орталығы: біріншісі "аутизм" диагнозы бар балаларды оңалтуға арналған орталық,Б.Өтемұратов қорымен бірлесіп іске асырылса, екіншісі – № 1 көпсалалы балалар ауруханасы базасында ашылды. Орталық БЦП диагнозы бар балаларға арналған. Сонымен қатар, 2020 жылдың соңына дейін көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақша, иппотерапиямен айналысуға арналған жабық ат спорты манежі салынып, пайдалануға беріледі. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында Оңалту орталықтары, шағын орталықтар, медициналық орталықтар ашылады. "Жастар" сарайы ғимаратына, оның ішінде бассейнге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Демек бассейн ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қол жетімді болады. Инватакси саны екі есе өсті. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Апта сайын қала әкімі азаматтарды қабылдайтын болады. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша, электронды карталар жүйесі әзірленіп, іске қосылды. Сандық жүйе тұрғындардың мәселелерін орындау мәртебесін көруге және бақылауға мүмкіндік береді. Тиімді кері байланыс және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету үшін, өткен жылдың тамыз айында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Осы уақыт ішінде орталық 57 мыңнан астам мәселенің шешімін тапты.

-->