Биыл тұмауға қарсы вакцинация ерте басталады - Ембердиева
Ұлттық денсаулық сақтау орталығы қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының жетекшісі Жазира Ембердиева брифингте вакцинацияның биыл ерте басталатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. “ОРВИ-ге қарсы жыл сайын вакцинация 1 қазанда басталатын еді. Биыл эпидахуалдың нашарлауына байланысты вакцинация екі аптаға ерте, яғни 15 қыркүйектен басталады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалаларында 10 қыркүйектен басталып кетті. Коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында “СК-Фармация” ЖШС тиісті дозадағы дәрілерді сатып алды. Вакцинацияда ең алдымен аз қамтылған отбасылар қамтылады”, - деді ол.
-->Ұлттық денсаулық сақтау орталығы қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының жетекшісі Жазира Ембердиева брифингте вакцинацияның биыл ерте басталатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. “ОРВИ-ге қарсы жыл сайын вакцинация 1 қазанда басталатын еді. Биыл эпидахуалдың нашарлауына байланысты вакцинация екі аптаға ерте, яғни 15 қыркүйектен басталады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалаларында 10 қыркүйектен басталып кетті. Коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында “СК-Фармация” ЖШС тиісті дозадағы дәрілерді сатып алды. Вакцинацияда ең алдымен аз қамтылған отбасылар қамтылады”, - деді ол.