Қазақстанда тұмаудың 3 түрі анықталды - Жұмабек Бекен
Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекен онлайн брифингте тұмаудан сақтанудың түрлерін атады, деп хабарлайды Елорда Инфо. “Күзгі-қысқы мезгілде вирустың өршитіні белгілі. Қазақстанда бұл уақытта 500 мыңнан миллионға дейін ЖРВИ жұқтырған науқастар тіркеледі. Соның 64 пайыздан астамын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Бұл вирустың көрінісі симптомсыз жеңіл өтетін түрінен бастап, өлімге дейін апаратындай ауыр жағдайға дейін қозатындығында. Таралу жағдайы коронавирус инфекциясымен өте ұқсас. Сондықтан түшкіріп немесе жөтелгенде қол орамал пайдаланып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қолды сабындап жиі жуу сияқты гигиеналық тазалық аурудың өршуінің алдын алудың ең алғашқы жолы. Бұл ретте вакцина алудың маңызы зор. Жалпы, Қазақстанда тұмаудың 3 түрі анықталды”, - деді ол.
-->Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекен онлайн брифингте тұмаудан сақтанудың түрлерін атады, деп хабарлайды Елорда Инфо. “Күзгі-қысқы мезгілде вирустың өршитіні белгілі. Қазақстанда бұл уақытта 500 мыңнан миллионға дейін ЖРВИ жұқтырған науқастар тіркеледі. Соның 64 пайыздан астамын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Бұл вирустың көрінісі симптомсыз жеңіл өтетін түрінен бастап, өлімге дейін апаратындай ауыр жағдайға дейін қозатындығында. Таралу жағдайы коронавирус инфекциясымен өте ұқсас. Сондықтан түшкіріп немесе жөтелгенде қол орамал пайдаланып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қолды сабындап жиі жуу сияқты гигиеналық тазалық аурудың өршуінің алдын алудың ең алғашқы жолы. Бұл ретте вакцина алудың маңызы зор. Жалпы, Қазақстанда тұмаудың 3 түрі анықталды”, - деді ол.