Елорда жаңалықтары

ҚХА Ғылыми-сарапшылық Кеңесінің мүшесі Назарбаевтың мақаласына пікірін білдірді

ҚХА Ғылыми-сарапшылық Кеңесінің мүшесі, профессор Сатай Сыздықов Елбасының мақаласына қатысты өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Елбасы «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында бүгінгі таңда ел басына қиыншылық туған сәтте бұл сынақтан ынтымақ пен бірліктің арқасында сүрінбей өте алатындығымызға сеніммен қарайтындығын дәлелді ой-пікірлерімен білдірген. Шынында да Елбасының қиын кездерде халықпен бірге болып, тәуелсіздік алған жылдардан бастап  жас мемлекеттің тығырықтан жол тауып,  жеңіспен өтуіне мұрындық болғаны белгілі. «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деген Ата заңға сүйеніп, Елбасы кезінде өзі ерекше көңіл бөліп, денсаулық сақтау саласын дамытуға арналып салынған заманауи ауруханалар мен емханалардың, онда істейтін мамандардың бұл жұқпалы дертті жоюда толық мүмкіндіктері бар екендігіне сенім білдірді», – деді профессор. Мақалада Тұңғыш Президент бұл қатерді жеңіп шығу үшін ел бірлігі, ынтымағы, ежелден келе жатқан қазақ елінің тарихи дәуірлер қойнауынан шыңдалған мықты рухына сүйенеді. «Тарихымыздағы Төле би, Әйтеке би, Абай сынды данышпан тұлғаларымыздың қанатты сөздерін келтіре отырып, қашан да намысын бермеген, бірлігі бекем халқымыз ел басына төнген қатер-қауіптен аман-есен шыға алады деген сенімде. Аға ұрпақ пен зиялы қауымға және жастарға қағидалы сөздерін арнай келе, автор ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана қиындықтарды жеңіп, игілік пен ізгілік қатар өркен жаятынын айтады. Сондай-ақ мақалада тату-тәтті және келісімде өмір сүріп жатқан ортақ шаңырағымыз Қазақстан мен халқымыз біздің баға жетпес байлығымыз бен артықшылығымыз ретінде қандай да болсын жаһандық қауіп-қатерді жеңіп шығатынымыздың кепілі екендігі көрсетілген. Ежелгі түркі бабаларымыз «Күндіз отырмадым, Түнде ұйықтамадым, Қара терімді ағыздым...» деп айтқандай,  тәуелсіз мемлекеттің аяқтан тұрып кетуіне аянбай тер төккен Елбасы  бүгінде ауыртпашылықты халқымен бірге көтеріп, Мәңгілік елдің қауіпсіздігін қорғауда белін бекем буып, сапқа тұрғанын елге жеткізіп отыр», – деді Сатай Сыздықов.

-->