Төтенше жағдайлар өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға төмендеді – Ильин
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин онлайн брифингте жеке секторлардағы өрт көбіне тұрмысы төмен отбасылардың үйінде болатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Төтенше жағдайлар өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға төмендеді. 8 900-ден аса жағдай тіркелді. Оның 8 100-і – өрт. Соның ішінде 10 мыңнан аса адамның өмірі құтқарылып, 12 мыңнан аса адам эвокуацияланды. 2 700-ден астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт бойынша жеке секторлар мен орманды алқаптарға өрт сөндіру қызметінің шығуы 47 мыңдай болды. Ал жылу маусымы туралы айтар болсақ, 2019-2020 жылғы жылыту маусымында тұрғын үйлерде 5 мыңнан аса өрт тіркелді. Оның 1 801-і жеке секторларда болса, көпқабатты тұрғын үйлерде 545 өрт болды», – деді ол. Оның айтуынша, жеке секторлардағы өрт көбіне көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлердің үйінде тіркеледі.
-->Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин онлайн брифингте жеке секторлардағы өрт көбіне тұрмысы төмен отбасылардың үйінде болатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Төтенше жағдайлар өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға төмендеді. 8 900-ден аса жағдай тіркелді. Оның 8 100-і – өрт. Соның ішінде 10 мыңнан аса адамның өмірі құтқарылып, 12 мыңнан аса адам эвокуацияланды. 2 700-ден астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт бойынша жеке секторлар мен орманды алқаптарға өрт сөндіру қызметінің шығуы 47 мыңдай болды. Ал жылу маусымы туралы айтар болсақ, 2019-2020 жылғы жылыту маусымында тұрғын үйлерде 5 мыңнан аса өрт тіркелді. Оның 1 801-і жеке секторларда болса, көпқабатты тұрғын үйлерде 545 өрт болды», – деді ол. Оның айтуынша, жеке секторлардағы өрт көбіне көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлердің үйінде тіркеледі.