Елорда жаңалықтары

Қашықтан білім беру кезінде қосымша үй жұмысы берілмейді – министр

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте оқушыларға қосымша үй жұмысын беруге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Дәстүрлі білім беру процесі кезінде оқушылар мұғалімнің көз алдында болғандықтан, сабақ уақытында оқушылар белгілі бір уақыт аралығында тапсырма орындайды. Соны қайталау, пысықтау және басқа да тапсырма үй жұмысына қосымша беріледі. Ал қашықтан білім беру кезінде оқушы үйінде отырып, барлық тиісті тапсырманы орындаған соң оған қосымша тапсырма беруге негіз жоқ», – деді ол.

-->