Елорда жаңалықтары

Астанада «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жұмысқа орналасу үшін қайда жүгіну керек

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-21» бағдарламасы аясында 15 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Президент тапсырмасы бойынша, қалада «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-21» инфрақұрылымдық жобасы жүзеге аса бастады. «Жоба аясында біз 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 600-ден астам адам жұмысқа тұрады. Бүгінде орталық келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді: ол қажетті білікті мамандарды іріктейді және оларды жұмыс берушілермен сұқбатқа жібереді», – дейді «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Бақытбек Қабжанов. Орталық басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында машина операторлары мен жүк көлігі жүргізушілері сұранысқа ие екенін айтты. Бүгінде жол картасы аясында жалақы мөлшері – 85 мың теңге және одан да жоғары. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 1 500 адам жұмысқа орналасты. «Бағдарлама арқылы жұмысқа орналасу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Орталықта осы мәселе бойынша жедел штаб бар. Біз Бейбітшілік көшесі 25-те орналасқан «Өркен» бизнес орталығында қызмет көрсетеміз. «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылымы, елді-мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асырамыз», - деп түйіндеді Б.Қабжанов. Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 117 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың ішінде әлеуметтік салаға – «Жастар» сарайын күрделі жөндеу, Бейбітшілік және келісім сарайын ағымдағы жөндеу, мектептер мен балабақшаларды жөндеу жатады. Тағы бір ірі бағыт – аула аумақтары, саябақтар мен скверлерді абаттандыру. Инженерлік-көлік инфрақұрылымына жолдарды жаңғырту әрі салу жатады. ТКШ саласында оңалту орталығы, 600 орындық мектеп құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

-->