Елорда жаңалықтары

Алексей Цой екінші толқынға дайындық барысының қалай жүріп жатқанын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте инфекцияның екінші толқынына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта КВИ бойынша әлем елдерінде, әсіресе Еуропа елдерінде өсім байқалып отыр. Біз үнемі көршілес елдердегі және алыс-жақын шетелдердегі жағдайға мониторинг жүргізіп отырамыз. Басқа мемлекеттер сияқты Қазақстан да екінші толқынға дайындалып жатыр. 71 126 төсек орынмен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта оның 10 257 қолданыста. Оның 15 пайызында КВИ немесе коронавирусқа ұқсас пневмония жұқтырған науқастар емделіп жатыр. 13 модульдік инфекциялық аурухана салуды жоспарлап отырмыз. 2 ірі аурухана реконструкция жасалу кезеңінде тұр. Мыңнан аса мобильді топ медициналық көмек көрсетуге ұйымдастырылды. 5 998 тыныс алу аппараттары тиісті орындарға қойылды. 21 мыңнан астам орын оттегімен қамтылады. Сонымен қатар дәрілердің 2 айлық қоры алынып, барлық ауруханалар мен емханаларға жеткізілді. Тұмауға қарсы вакцина да қамтамасыз етіліп, барлық өңірлерге жіберілді. 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында барлық өңір тұрғындарына вакцина егу жүргізіледі. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцинаның 5 миллионнан аса дозасын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғыда өзге де елдердің тәжірибесіне сүйенеміз. Сондай-ақ вакцинаны Қазақстанда да өндіру жағын қарастырып отырмыз», – деді ол.

-->