Елорда жаңалықтары

Елорданың проблемалық аумағы жауын-шашынға неліктен төтеп бере алмағаны анықталды

Б.Момышұлы даңғылындағы проблемалық аумақта жауын-шашын кәрізінің магистралды коллекторын салу барысында бұрын салынған құбырларды бөлшектеу жұмыстары жүрді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Тексеру жұмыстары нәтижесінде құбырдың толықтай тоқтап қалғаны анықталды. Алдағы уақытта мұндай фактілерді болдырмау үшін шағын өлшемді құдықшалар көлемді камераларға ауыстырылады. Бұл коллекторға қажетті тазалық жасауға және кедергісіз телеинспекция жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, құбыр диаметрі ұлғайтылып, Б.Момышұлы даңғылы бойында жаңбыр суын қабылдауға арналған қондырғылар орнатылады. Бұл шараның барлығы судың кедергісіз ағуы мен су лайының алдын-ала тұнуын қамтамасыз етеді. Жауын-шашын кәріздері магистарлдық коллекторының құрылысы жазда аяқталады. Кәріз ұзындығы шамамен 500 метр, ол Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Даңғыл бойындағы көлік қозғалысы жартылай шектеледі. 15 мамырда жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы толық жабылады (10 күн). Сондай-ақ «Жастар» шағын ауданында (Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында) жеткізуші коллекторларды қайта жаңартуға байланысты тазарту қондырғыларының жұмысы жүргізілуде. «Жастар» шағын ауданындағы жаңа қондырғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл жауын-шашын кәріздерінің өткізу қабілетін едәуір жақсартады. Бұл тазарту қондырғылары Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылындағы тасқын судың алдын алады. 2019 жылы жауын-шашын кәріздері мәселесі «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы екі аумақта толықтай шешілген еді.

-->