Елорда жаңалықтары

№2 Көпбейінді қалалық аурухананың директоры тағайындалды

Елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов аталмыш аурухана ұжымына жаңа басшылықты таныстырып өтті. Аурухана директоры лауазымына Нұрбол Тұрсынбаев келді, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Сізді білікті маман, мықты дәрігер ретінде білеміз. Сіздің және аурухана ұжымының алар белестері мен бағындырар асулары үлкен. Жаңа орныңызда жаңа табыс тілеймін!" - деп құттықтады Тимур Мұратов. Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы - Түркістан облысының тумасы, 1976 жылы 11 наурызда туған. Білімі медициналық, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург, бірінші санатты қоғамдық денсаулық сақтау менеджері. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамандаған. Денсаулық сақтау жүйесінде 22 жыл жұмыс істейді, оның ішінде басшылық лауазымдарда 10 жыл. Еңбек өтілін 1998 жылы Шымкент қаласының орталық аудандық ауруханасында хирургия бойынша стажер дәрігері болып бастады. 2010-2015 жылдары Астана каласының «ҰҒМО» РМК Операциялық бөлімінің басшысы; 2015 жылғы ақпаннан 2015 жылғы наурызға дейін Астана қаласы №2 Ақмола облыстық аурухана бас дәрігерінің стратегиялық даму жөніндегі орынбасары; 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК бас дәрігерінің хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Шапағат» мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

-->