Қазақстанда микрокредиттеу нарығының 1 079 ойыншысы тіркелді – Агенттік
Қазақстанда микрокредиттеу нарығының 1 079 ойыншысы тіркелді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, Агенттік биылғы 3 шілдеде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржылық қызметті міндетті лицензиялауды көздейтін заңнамалық түзетулерді қабылдады. Осы күннен бастап микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар қарызды Агенттіктің лицензиясы болған жағдайда ғана бере алады. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру бөлігінде, сондай-ақ кредиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді саралау және төмендету бойынша қосымша реттеу шараларын қабылдауды тапсырған болатын. Бұдан басқа қоғамда үлкен резонанс тудырған қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құрумен байланысты оқиғалардан кейін Мемлекет басшысы Агенттікке ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, халыққа тұтынушылық кредиттер беретін ұйымдардың қызметін кең көлемде тексеруді тапсырды. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Агенттік биылғы наурыз – 31 тамыз аралығындағы кезеңде ҚР Бас прокуратурасымен, ҚР қаржы және ішкі істер министрліктерімен бірлесіп кредиттеу субъектілерін қаржы пирамидасының, алаяқтықтың және заңсыз банк қызметінің белгілеріне сәйкес келуі тұрғысынан кең көлемде тексерді. 1 348 банктік емес ұйымға тексеру жүргізілді. 144 ұйымға қатысты 162 млн теңгеге айыппұл салынып, 122 жазбаша ұйғарым шығарылды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Агенттікте 3,1 мың микрокредиттеу субъектісінен 227 микроқаржы ұйымы, 202 кредиттік серіктестік және 650 ломбард есептік тіркеуден өтті. Микрокредиттеудің қалған субъектілері жұмыс істемейді немесе олардың капиталы жоқ және олар қызметін тоқтатуды жоспарлап отыр. Бұл ретте, биылғы 1 шілдеден бастап есептік тіркеуден өтпеген микроқаржы ұйымдары, ломбардтар және кредиттік серіктестіктер үшін микрокредиттер беруге тыйым салынды. 1 қыркүйектен бастап есептік тіркеуден өтпеген компанияларға қатысты Агенттік оларды мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыздар беретін болады. 2023 жылға дейін кезең-кезеңімен ұлғайта отырып жарғылық және меншікті капиталдың мынадай ең төмен мөлшерлері белгіленді – ломбардтар үшін 70 млн теңгеге дейін, кредиттік серіктестіктер үшін 50 млн теңгеге дейін және микроқаржы ұйымдары үшін 100 млн теңгеге дейін. Агенттік қатаң біліктілік талаптарын талап етеді, оның ішінде басшы қызметкерлер мен қатысушыларға мінсіз іскерлік бедел және соттылығының болмауы сияқты талаптар күшейтілді. Бұған қосымша, олардың үй-жайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар күшейтілді, бұл ломбардтарға салынған заттардың сақталуына, сондай-ақ заңсыз алынған заттардың айналысына қатысты іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. М.Әбілқасымованың айтуынша, «қаржы реттеушісінің міндеті – МҚҰ нарығын тазарту, олардың қызметін барынша ашық жасау. «Біз микрокредиттеу секторын тұрақтандыру, халықтың борыш жүктемесінің бақылауға келмейтіндей өсуіне жол бермеу, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың өз міндеттемелерін адал орындауы үшін жауапкершілігін арттыру шараларын қабылдадық. Қаржы ұйымдары азаматтар мен халықтың құқықтарын бұзған жағдайда, зардап шегушілер көмек алу үшін Агенттікке жүгіне алады. Қаржы реттеушісі шағымдарды қабылдайды және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары бұзылған әрбір жағдай бойынша тексеру жүргізеді. Жедел ден қою үшін Агенттікте жедел желі ашылды, ол арқылы халыққа консультация беріледі және проблемалық мәселелер жеке тәртіппен шешіледі. Агенттіктің жедел желісі іске қосылған сәттен бастап 22 мыңнан астам азаматқа түсініктеме берілді», – деді ол.
-->Қазақстанда микрокредиттеу нарығының 1 079 ойыншысы тіркелді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, Агенттік биылғы 3 шілдеде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржылық қызметті міндетті лицензиялауды көздейтін заңнамалық түзетулерді қабылдады. Осы күннен бастап микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар қарызды Агенттіктің лицензиясы болған жағдайда ғана бере алады. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру бөлігінде, сондай-ақ кредиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді саралау және төмендету бойынша қосымша реттеу шараларын қабылдауды тапсырған болатын. Бұдан басқа қоғамда үлкен резонанс тудырған қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құрумен байланысты оқиғалардан кейін Мемлекет басшысы Агенттікке ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, халыққа тұтынушылық кредиттер беретін ұйымдардың қызметін кең көлемде тексеруді тапсырды. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Агенттік биылғы наурыз – 31 тамыз аралығындағы кезеңде ҚР Бас прокуратурасымен, ҚР қаржы және ішкі істер министрліктерімен бірлесіп кредиттеу субъектілерін қаржы пирамидасының, алаяқтықтың және заңсыз банк қызметінің белгілеріне сәйкес келуі тұрғысынан кең көлемде тексерді. 1 348 банктік емес ұйымға тексеру жүргізілді. 144 ұйымға қатысты 162 млн теңгеге айыппұл салынып, 122 жазбаша ұйғарым шығарылды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Агенттікте 3,1 мың микрокредиттеу субъектісінен 227 микроқаржы ұйымы, 202 кредиттік серіктестік және 650 ломбард есептік тіркеуден өтті. Микрокредиттеудің қалған субъектілері жұмыс істемейді немесе олардың капиталы жоқ және олар қызметін тоқтатуды жоспарлап отыр. Бұл ретте, биылғы 1 шілдеден бастап есептік тіркеуден өтпеген микроқаржы ұйымдары, ломбардтар және кредиттік серіктестіктер үшін микрокредиттер беруге тыйым салынды. 1 қыркүйектен бастап есептік тіркеуден өтпеген компанияларға қатысты Агенттік оларды мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыздар беретін болады. 2023 жылға дейін кезең-кезеңімен ұлғайта отырып жарғылық және меншікті капиталдың мынадай ең төмен мөлшерлері белгіленді – ломбардтар үшін 70 млн теңгеге дейін, кредиттік серіктестіктер үшін 50 млн теңгеге дейін және микроқаржы ұйымдары үшін 100 млн теңгеге дейін. Агенттік қатаң біліктілік талаптарын талап етеді, оның ішінде басшы қызметкерлер мен қатысушыларға мінсіз іскерлік бедел және соттылығының болмауы сияқты талаптар күшейтілді. Бұған қосымша, олардың үй-жайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар күшейтілді, бұл ломбардтарға салынған заттардың сақталуына, сондай-ақ заңсыз алынған заттардың айналысына қатысты іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. М.Әбілқасымованың айтуынша, «қаржы реттеушісінің міндеті – МҚҰ нарығын тазарту, олардың қызметін барынша ашық жасау. «Біз микрокредиттеу секторын тұрақтандыру, халықтың борыш жүктемесінің бақылауға келмейтіндей өсуіне жол бермеу, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың өз міндеттемелерін адал орындауы үшін жауапкершілігін арттыру шараларын қабылдадық. Қаржы ұйымдары азаматтар мен халықтың құқықтарын бұзған жағдайда, зардап шегушілер көмек алу үшін Агенттікке жүгіне алады. Қаржы реттеушісі шағымдарды қабылдайды және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары бұзылған әрбір жағдай бойынша тексеру жүргізеді. Жедел ден қою үшін Агенттікте жедел желі ашылды, ол арқылы халыққа консультация беріледі және проблемалық мәселелер жеке тәртіппен шешіледі. Агенттіктің жедел желісі іске қосылған сәттен бастап 22 мыңнан астам азаматқа түсініктеме берілді», – деді ол.